Қытай үкіметінің ел ішіндегі шетелдік журналистерге деген қысымды күшейтті. Нәтижесінде, Қытайда жұмыс істеп жатқан көптеген шетелдік ақпарат құралдарының өкілдері Тайуанға барып жұмыс істеуге мәжбүр болды.

Былтыр наурыз айында Қытай бірқатар америкалық журналистерді департациялау туралы шешімін жариялады және шетелдік медиа өкілдеріне виза беруді шектеді. Бұл шетелдік ақпарат құралдарының Қытайдағы жұмысын қиындатып, Қытайда тұрып жұмыс істеп келе жатқан шетелдік журналистер Тайуанға кете бастады.

Былтыр желтоқсан айында Тайуан СІМ тарабы таратқан мәліметке қарағанда, 2020 жылдың өзінде 34 шетелдік БАҚ репарторы Тайуанға уақытша тұруға тіркелген. Оның 21-і АҚШ-тың  New York Times, Washington Post және The Wall Street Journal секілді ірі ақпарат құралдарының журналистері. Сондай-ақ, олардың басым көбі бұрын Қытайда тұрып жұмыс істеген. Шетелдік кейбір БАҚ өкілдері пандемия немесе АҚШ-Қытай қайшылығы себебінен Тайуанға уақытша тұруды жоспарлап жатса, кейбір ақпарат құралдары өздерінің Қытай тілді бөлімін ұзақ уақытқа Тайуанға орналастыруды жоспарлауда.

Бір күн бұрын швед журналисі Джодже Олссон өзінің Қытайдан қалай қуаланды болғанын шетелдік әріптестерімен бөлісті. Ол Бейжіңде 8 жыл, Гонконгта 1 жыл репарторлық жұмыс істеп, соңында Қытайда қамауға алынған екі швед азаматы туралы жазғаннан кейін Қытайдың қара тізіміне кірген және қайталай Қытайға кіруге виза ала алмаған.

Бұлар Қытайдағы шетелдік ақпарат өкілдеріне деген қысымды көрсетіп береді. Онсыз да Қытайда шетелдік журналист ретінде тіркелу ақпарат алу мен кейіпкерлермен сұхбаттасуда ешқандай жеңілдік алып келмейді, керісінше Қытай Ұлттық қауіпсіздік қызметі жағынан кедергілерге тап болады және кей жағдайда сұхбаттасушының қауіпсіздігін қатерге тігу болып саналады.

Қытай турлы ақпарат тарату үшін Тайуанда тұру шетелдік журналистердің шарасыз әрекеті деуге болады. Себебі, Тайуан ақпаратқа ашық, демократиялы ел болғанымен Қытайдан ақпарат алудың түрлі қиындықтары туындайды. Ең кемінде телефон арқылы сұхбаттасқанда сұхбаттасушының сеніміне кіру қиынға түседі, оған қоса Қытайдың ішкі атмосферасын толық көрсету мүмкін болмайды.

Коронавирус пандемиясы басталғаннан бері және АҚШ-Қытай қайшылығы күшейгеннен тартып Бейжің билігінің шетелдік ақпарат құралдарына деген қысымы күшейді. Шекарасыз журналистер ұйымы Қытайдағы бұл процеске байланысты алаңдаушылық білдірген.

“The Qazaq Times”