Белсенді Әйгерім Тілеужан мен құқық қорғаушы Ерлан Қалиев олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимовтың үстінен арыз түсірді.

Malim.kz сайтына сұхбат берген белсенді Тілеужан: «Біздің бұл жерде әділдікке жетуіміз екіталай. Сондықтан біз бұл істі соңына дейін жеткіземіз. Халықаралық ұйымдарға міндетті түрде арызданамыз және халықаралық алаңда оларды соттау үшін бар күшімізді жұмсаймы. Халықаралық олимпиада комитетіне шағымданып, оны осыған дейін алған медальдарынан, чемпиондығынан айыруын сұраймыз», – дейді.

10 қаңтарда өткен митинг кезінде демократиялық партия құрғысы келетін бастама топ өкілдері полиция қоршауында қалған. Сол кезде Ермахан Ибраимов барып, қоршауда тұрған жастардың арасына басып кіріп, белсенділердің қолындағы плакатты жыртып тастаған.

Сайлау күні Алматыдағы Республика алаңында полиция жасағы “Oyan, Qazaqstan” қозғалысының мүшелері және Жанболат Мамай мен оның жақтастарын қоршауға алып, кеттлинг әдісін қолданды. Осы сәтте алаңда аяқ астынан Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбрайымов, жазушы Есенғали Раушанов, ақын Маралтай Райымбекұлы, Бақыт Беделхан, журналист Қали Сәрсенбай бастаған топ пайда болды.

"The Qazaq Times"