АҚШ Конгресс Сенатындағы республикашылдар экс-президент Дональд Трампқа қатысты импичпент процесін 13 ақпанға қалдыруды ұсынды. Тиісті мәлімдеме заң шығарушы сайтында жарияланды.
Сенаторлар көшбасшысы, республикалық партия өкілі Митч Макконнелл Өкілдер палатасының айыптаушылары сенаторларға импичмент жариялау туралы құжаттар жіберуді ұсынды. Осыдан кейін ол бұрынғы президенттің адвокаттарына осы айыптауларға жазбаша жауап беру үшін екі апта уақыт (11 ақпанға дейін) беру керек деп санайды. Процестің өзі, ол ұсынған кестеге сәйкес, 13 ақпаннан кейін басталуы керек.
Конгресстің Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси (Калифорния штатының демократы) бейсенбіде өткен брифингте төменгі заң шығарушы палата импичмент процесін осы аптада талқылайтынын айтты. CNN теланасының хабарлаунша, өкілдер палатасындағы демократтар 22 қаңтарда Сенатқа айыптау қорытындысын беруге дайындық бастаған.
Биыл Трампқа екінші рет импичмент жарияланып отыр. АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасы импичмент жариялағаннан кейін құжат Сенатқа қарауына өтті. Дегенмен, сарапшылар Трамп «мемлекетке қауіп төндірмегендіктен» екінші мәрте импичмент енгізудің қажеті шамалы деп санайды.
Америка тарихында алғаш рет ел президентіне тағылған айыпты оның мұнша көп партияласы қолдап отыр. Мұның алдында, 2019 жылы Трампқа жарияланған импичментті Республикалық партияның бірде-бір мүшесі жақтамаған. Бұған дейін Конгрестегі партияластарының ең көп қарсылығына ұшыраған президент Билл Клинтон болатын. 1998 жылы оған жалған куәлік берді деп айып тағылғанда, Демократиялық партиядан сайланған 5 конргессмен Клинтонға қарсы дауыс берген. Кейін солардың төртеуі Республикалық партияға ауысып кетті.