АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Тайуанға (Тайван) келді. Бұл туралы nytimes.com хабарлады.
Тайуанның орталық ақпарат агенттігінің хабарламасына қарағанда спикер ертең таңертең Тайуан президенті Сай Иңвынмен кездесіп түскі астан кейін ұшып кетеді.
Қытай билігі қаншалық қатаң қарсылығын білдіргенімен Нэнси Пелосидың мінген ұшағы Малйзиядан шығып Тайуанға келіп қонды. Пелосиды елдің сыртқы істер министрі Жозеф Ву қарсы алды.
Пелосидың келу қарсаңында Қытай тарап Тайуанның жойғыш ұшақтары Тайуан бұғазынан ұшып өтті дегенімен Тайуан қорғаныс министрлігі бұны жалған ақпарат деді.
Бұған дейін Шығыс Азияның бірнеше еліне барған АҚШ өкілдер палатасының спикеріның Тайуанға бару бармауы туралы сарапшылар әр-түрлі пікір айтқан. Тіпті бұл сапар орындалса үшінші дүние жүзілік соғыс басталады деп санайтындар да бар.
Бұл сапарды ресми Бейжің мен бірге Гонконг басшысыда Жон Ли де қатаң айыптады. Ал Ресей бұл сапарды "ашық арандату" деп атады. Бұл АҚШ-Қытай ара-қатынасын одан ары ушықтыра түсуі мүмкін.
Бұл сапар АҚШ-тың билік өкілдерінің 1997 жылдан кейінгі араға 25 жыл салып жасаған алғашқы сапары.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді