Франция үкіметі жаппай оқшаулау режимін жылдың аяғына дейін ұзартпақ. Ал Ұлттық ассамблея депаттарының көбі шектеулердің күшін маусымның біріне дейін қалдыруға дауыс берді.
Пандемияның алдын алу мақсатында қолданылатын шаралар бойынша шешімді Сенат шығарады. Төтенше жағдай тәртібі Президент пен үкіметке ешкіммен ақылдаспай локдаун немесе коменданттық сағат секілді санитарлық шектеулерді енгізуге мүмкіндік беріп отыр. Депутаттар індетпен күрес бойынша мемлекеттік стратегияны сынға алды. Оладың айтуынша, мейрамханалар немесе тау-шаңғы шипажайларын жабу секілді маңызды шешімдерді бірлесіп қабылдау керек.
Қазір мұнда дет жұқтырғандарың жалпы саны 3 миллионға жуықтап, 71 мыңнан астам адам ажал құшқан. Осы аптадан бастап елде 700 вакциналау орталығы жұмыс істейді. 75 жастан асқан қарттармен қатар созылмалы ауруы бар азаматтар да егіледі. Қаңтарда елдің 1 миллионға жуық тұрғыны вакцина қабылдамақ. Ақпанның соңына дейін жалпы саны 2,5 млн адмға екпе егіледі. Мамандардың пікірінше, вакцинация аурудың пайда болуын ғана емес, сонымен қатар вирустың таралуын да болдырмауы керек.
Елде Оңтүстік Африка Республикасында шыққан коронавирустың жаңа штамының тез таралуына байланысты елге кіру тәртібі өзгереді. Енді Еуроодақтан бөлек елдердің азаматтары осы республикаға барса, бір апта карантинге жабылады.
Жаңа шектеу шаралары бойына ұйымдар мен кәсіпорындарда қашықтықтан жұмыс істеу ережелері өзгеріссіз қалады. Кинотеатрлар мен мұражайлар уақытша жабылады. Жаңа шара ертеңнен бастап күшіне еніп 15 күнге созылады. Мұндай тәртіп осы уақытқа дейін вирус ең көп таралған 25 департаментте қолданылып, ондағы дертті жұқтыру дерегі біршама бәсеңдеген болатын.
Францияда шектеулердің қатаңдатудың бірден-бір себебі – «Британдық» және «оңтүстік африкалық коронавирус» штамдардың пайда болуы. Күн сайын вирустың Британдық нұсқасы 300-ге жуық адамнан анықталып жатыр. Осыған байланысты 16 қаңтардан бастап республика аумағында кем дегенде 15 күнге конмендаттық сағат енгізілді.