Германиядағы Гармиш-Партенкирхен қаласындағы ауруханада жатқан 35 пациенттен коронавирустың «британдық» түрі анықталды. Осыған байланысты елдегі локдаун мерзімі ақпанға дейін ұзартылды.
Германия канцлері Ангела Меркель мәлімдемесінде: «Біз федералды аймақ басшыларымен бұрын жоспарланғандай 25 қаңтарда емес, ертерек кездесуге шешім қабылдадық. Науқастар қатарын қысқарту үшін қосымша шектеулер енгізуге келістік. Жұқтырушылар саны азайса, мутацияланған вирустың таралу қарқыны тежеледі. Қатаң шараларды бірінші кезекте, азаматтарымыздың денсаулығы үшін, сондай-ақ әрине, ел экономикасын тұрақтандыру үшін енгізіп отырмыз», – дейді.
Вирустың жаңа штамы адамдар арасында 70%-ға тез тарайды. Бірақ қауіптілігі жағынан бұрынғы түрінен ерекшеленбейді. Жаңа штамм алдыңғы коронавирусқа қарағанда адамдарға тез жұғатыны анықталған.
Әзірге «Британдық» вирус нақты осы елде өзгеріске ұшыраған ба, ол да белгісіз. Оның осы елде иммунитеті әлсіз, вируспен күресуге дәрменсіз науқастың ағзасында пайда болғанын немесе болмаса сырттан келгенін әлі ешкім анықтаған жоқ.
8 қаңтарда вирустың мутацияға ұшыраған түрі Еуропаның 22 елінде тіркелген. Кейіннен Ресейде де тіркелді. Соңғы аптада жаңа штамм кез келген жастағы адамдардан анықталып жатыр.
Сондықтан ол бүкіл әлемге тарап, Ұлыбританиядағыдай басты коронавирусқа айналу қаупі бар. ДДСҰ Еуропалық бюросының директоры Ханс Клюге: «Коронавируспен күресте ұжымдық иммунитет маңызды рөл ойнауы тиіс. Бірақ бұл нәтижеге жетпес үшін алдымен вирустың таралуын азайту қажет. Себебі вакцина дертке қаншалықты ұзақ тосқауыл қоя алатыны әлі беймәлім», – дейді.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді