Джозеф Байденнің мемлекет басшысы лауазымына келуімен Еуроодақ пен АҚШ арасындағы келіспеушіліктер жойылмайды, бірақ жаңа келісімдерге қол жеткізуге болады. Бұл туралы Еуропалық Кеңестің басшысы Чарльз Мишель мәлімдеді.
«Америка мен Еуропалық одақ байланысында бірқатар мәселелер бар және мұны аз уақыт ішінде реттеу қиын. Бәрімізге белгілі, Америка өзгеріп, әлем де өзгерді. Еуропалық одақ та өзгеруі мүмкін. ЕО ешкімнен өз шешімдерін қабылдауға рұқсат сұрамауы керек. Ендігі кезекте жаңа президент қызметіне кірісе салысымен, мынадай ұсыныс айтамын: күшті Америка, күшті Еуропалық одақ және жақсы әлем үшін жаңа байланыстар орнатайық!» – деді Чарльз Мишель.
Ресми өкілдің пікірінше, алдағы уақытта Еуропа мен АҚШ климаттық өзгерістер мен коронавирустың таралуына қарсы күрес, цифрлық трансформация және қауіпсіздік салалары бойынша ынтымақтастық орната алады.
АҚШ –та президенттік сайлау өткен жылдың 3 қарашасында өтті. 14 желтоқсанда сайлау алқасы дауыс беру нәтижелерін бекітті. Оған сәйкес демократ Джозеф Байден жеңіске жетті.
Ақ үйдің қазіргі басшысы Дональд Трамп жеңілісті мойындамады және бірқатар Штаттардағы сайлаушылардың дауыстарын қайта санауды талап етті. Алайда, оның талаптарын сот органдары, АҚШ Жоғарғы Соты қабылдаған жоқ.
Сенат пен Конгресс Өкілдер палатасы 6 қаңтарда бірлескен отырыста Байденнің жеңісін мақұлдады, оның инаугурациясы 20 қаңтарда Вашингтондағы Капитолийде өтеді.