Коронавирустың мутацияға ұшыраған түрі Ресейде де тіркелді. Вирус Ұлыбританияға барып қайтқан азаматтан анықталған.
Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, бұл елде әзірге тіркелген жалғыз оқиға. Ресми мәліметтер бойынша, Ресейде соңғы бір күнде 22 мыңнан астам адам вирус жұқтырған. Қазір мұнда дертке шалдыққандар саны 3 жарым миллионға жуықтады.
Желтоқсанның аяғында Ұлыбританияда шыққан коронавирустың өзгерген жаңа түрі Нидерланд, Дания және Австралияда да тіркелді. Мәліметтер бойынша, вирустың жаңа штамы адамдар арасында 70%-ға тез тарайды. Бірақ қауіптілігі жағынан бұрынғы түрінен ерекшеленбейді. Англияның бас дәрігері, профессор Крис Уитти Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына ескерту жібергенін және шұғыл зерттеу жасалып жатқанын жеткізді. Жаңа штамм алдыңғы коронавирусқа қарағанда адамдарға тез жұғатыны анықталған. Әлемнің көптеген елі корольдікпен әуе қатынасын тоқтатып, бұл елдерден келген адамдарды қатаң тексеруге кірісті.
8 қаңтарда вирустың мутацияға ұшыраған түрі Еуропаның 22 елінде тіркелген. Соңғы аптада жаңа штамм кез келген жастағы адамдардан анықталған. Сондықтан ол бүкіл әлемге тарап, Ұлыбританиядағыдай басты коронавирусқа айналу қаупі бар. ДДСҰ Еуропалық бюросының директоры Ханс Клюге: «Коронавируспен күресте ұжымдық иммунитет маңызды рөл ойнауы тиіс. Бірақ бұл нәтижеге жетпес үшін алдымен вирустың таралуын азайту қажет. Себебі вакцина дертке қаншалықты ұзақ тосқауыл қоя алатыны әлі беймәлім», – дейді.
















Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?