Италияда жалпыұлттық карантин басталды. Бүгіннен бастап азаматтардың себепсіз жүріп-тұруына рұқсат жоқ.
Қазір бүкіл ел бойынша бөлшек сауда дүкендері жабық тұр. Мереке күндері тұрғындардың топ болып жиналуына тыйым салынады.
Мейрамханалар мен барлар тек өзімен бірге алып кету қызметін көрсетіп жатыр. Шектеу шаралары 6 қаңтарға дейін созылады. Ал 7 қаңтарда елде жаппай вакцинациялау науқаны басталады.
Айта кетейік, 20 желтоқсанда Ұлыбританияда шыққан коронавирустың өзгерген жаңа түрі Нидерланд, Дания және Австралияда да тіркелген. Сол себепті Англияның оңтүстік-батысы мен Лондонда төртінші деңгейлі локдаун енгізген.
Әзірге, бейтаныс бактерияның өмірге қауіпті екендігіне нақты дәлел жоқ. Белгілісі, жаңа штамның таралу қарқыны әлсіз. Бірақ ғалымдар сонда да аймақта әлеуметтік арақашықтықты ұстап, сақтық шараларын естен шығармауды ескертті.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы