АҚШ президенті Дональд Трамп 2021 жылдың бюджетін бекітіп, пандемияға байланысты экономиканы ынталандыру шараларын қабылдады.
Заң жобасында CoViD-19-бен күреске экономикалық қолдау ретінде 900 млрд доллар бөлу қарастырылған. Ал әрбір америкалыққа 600 доллардан өтемақы берілмек. Бюджеттің жалпы көлемі 2,3 трлн долларға тең.
Бұған дейін Трамп бюджет құжатына вето қойған. Президент 1996 жылғы «Байланыс этикасы туралы» Заңның 230-бөлімін жоюды да талап етіп отыр. Трамптың айтуыша, «230-бөлім желіде шетелдік жалған ақпараттың таралуына ықпал етеді. Ал бұл ұлттық қауіпсіздік пен сайлаудың адалдығына үлкен қауіп төндіреді».
Құжаттың бұғатталуына тағы бір себеп – Азаматтық соғыс кезеңіндегі (1861-1865) конфедеративті Штаттардағы ардагерлердің есімін әскери нысандарға беру және Оңтүстіктегі құлдық туралы деректерді жою. Осы екі тармаққа байланысты Трамп: «Саяси әрекеттер арқылы тарихты жоққа шығаруға жол бермеймін», – деген.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел