Келер жылғы 10 қаңтарға белгіленген Мәжіліс және мәслихат сайлауын бақылайтын Voices of Kazakhstan атты жаңа платформа пайда болды.
Италиядағы Адам құқықтары жөніндегі федерациялық қор (FIDU) президенті Антонио Станго мен АҚШ-та тұрып жатқан қазақстандық кәсіпкер Барлық Меңдіғазиев жетекшілік ететін Freedom Kazakhstan қоры (FKF) алдағы парламент сайлауының нәтижелері туралы мәліметтер жариялап отыратын Voices of Kazakhstan бірлескен жобасы ашылғанын хабарлады.
Аталмыш жоба Telegram чат-боттарының көмегімен жүзеге асады. Жобаны 23 желтоқсан күні «Ашық диалог» қорының президенті Людмила Козловска мен «Уральская неделя» басылымының директоры Тамара Еслямова таныстырды.
FKF қорының жетекшісі Барлық Меңдіғазиевтің сөзінше, жаңа платформа беларусь белсенділерінің президент сайлауы кезіндегі тәжірибеге сүйене отырып жасалған. Сондай-ақ бұл барлық тәуелсіз бақылаушыларды біріктіруге мүмкіндік береді деп көзделген.
«Індет кезінде халықаралық қауымдастық тарапынан көптеген бақылаушылар мен журналистер келе алмайтындықтан Антонио Стангодан сайлауды объективті бақылауға көмектесуін сұрағанмын. Ол қолдады. Басты талап – сайлаушылар бюллетеньдерді екі жағынан анық етіп түсіріп, жолдауы тиіс», – деді Барлық Меңдіғазиев.
Техникалық топ өкілдерінің айтуынша, сайлау аяқталғаннан кейін хабарламалар сұрыпталып, тез арада нәтижесі жарияланатын болады. Жобаға барлық азаматтар, сайлауға түсіп жатқан партия өкілдері де қатыса алады.
Қазақстанда мәжіліс және мәслихат сайлауы 10 қаңтарда өтеді. Оған «Nur Otan», «Ақжол», «Адал», «Ауыл» және «Қазақстан халық партиясы» қатысады. ОСК мәліметінше, бес партия мәжіліс сайлауына – 312 кандидат (90 әйел, 222 ер адам), мәслихатқа 832 кандидат ұсынған.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді