Қазақстанда 21 желтоқсан коронавирус жұққан 739 адам, 20 желтоқсан коронавирус пневмониясына шалдыққан 190 адам анықталған. Қазір елде 25 мың адам (U07.1 немесе КВИ+ бойынша 13 348, U07.2 немесе КВИ- бойынша 11 778) ауырып жатыр. 

#U07.1 Коронавирус ПТР тесті арқылы табылған жаңа кейстердің ең көбі – астана (106), Алматы қаласы (80), ШҚО (75), Павлодар (68), Қостанай (65), СҚО (62), Ақмола (56) өңірлерінен. Өткен тәулікте 821 адам ауруынан айғып шығып үйіне жіберілген, сондай-ақ 6 адам өмірден өткен.

#U07.2  Алдыңғы күні, яғни желтоқсанның 20-сы коронавирус пневмониясына жататын 190 науқас және 4 өлім жағдайы тіркелген. Оған қоса, жексенбі күні 119 адам емделіп шыққан.

#Жалпы  ДенМин-нің ресми мәліметінше, емделіп жатқан 25 126 науқастың 4384-і ауруханада 20 742-сі амбулаторлық бақылауда. Министрлік ресми хабарламаны жаңартты. Онда ауырып жатқан балалар туралы ақпарат алынып тасталған. Және коронавирус пневмониясының мерзіміне байланысты айлап қолданылған қателік түзетілмеген.

Ахуалы нашар 250 науқастың арасында 47 адамның жағдайы қатты қиындаған. Және 44 сырқат өкпені жасанды желдету аппаратымен тыныстап жатыр.

Қазақстанда коронавирус пневмониясы («КВИ-» – QT) бір күнге кешігіп жарияланғанына қарамастан, «өткен тәуліктегі» дерек деп беріледі. Мысалы, сәрсенбі күні таңда коронавирус сияқты сейсенбінің емес, дүйсенбі күнге тиесілі мәлімет беріледі. Бірақ неге екені белгісіз «алдыңғы» деп берудің орнына ресми ақпараттарда «өткен тәулікте» деп жазылады. Осыған дейін елдегі коронавирус жағдайы туралы ресми ақпарат көзі болып саналатын coronavirus2020.kz сайты мен Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат ресурстарында жарияланған деректер төрт айдан бері қате беріліп келгені жайлы ұстанымымызды бөлісіп, ақпарат құралдарына ескерткенбіз. Дегенмен әлі күнге дейін кейбір басылымдар екі күнге тиесілі деректі бір күнге теліп хабарлап келеді. Пандемия модераторы министрлік тек сенбі-жексенбіде ғана емес, мереке күндері де статистиканы толықтай жүргізуге қауқарсыз. Мәселен, желтоқсан айының 1, 16, 17, 18-і жән 19-ына тиесілі деректер еселеп кеміген. Әдетте жексенбі күнгі дерек ондаған есе аз болушы еді, бірақ бұл жолы жұмыс күні болғандықтан тиісті деңгейде есептелген. 190 кейс осы себепті шықты.  Күздің ортасында сол кездегі ДенМин-нің ресми-ерікті өкілі Бағдат Қожахметов екінші толқында демалыс күніне қарамастан статистиканы толық көлемде жүргізуге уәде берген еді. Бірақ іс жүзінде олай болмай шықты. Күніне жүзден оң нәтижелі коронавирус анықталып жатса да ведомство толық штатқа көшкісі жоқ.

The Qazaq Times редакциясы төмендегі кестені ең шынайы нұсқа деп санайды.

9 желтоқсан денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитар-дәрігері Ерлан Қиясов Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырудың шарықтау кезеңі туралы жаңа болжамын бөліскен. Оның айтуынша, екінші толқынның шарықтау кезеңі 2021 жылдың қаңтар және ақпан айларына сәйкес келеді.

13 наурыздан бері COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар қатары 148 мыңға жақындап, 1 тамыздан бергі коронавирус пневмониясы 44 мыңнан асқан. ДДСҰ мәліметінше, Қазақстанда ауырғандардың саны 191 мыңға жетсе, ал Ұлттық статистикада 192 мыңнан асқан. Дегенмен Үкімет коронавирус пен оның пневмониясын екі бөлек есептейді. Пандемия басталғалы жалпы вирус жұққандардың 3443-і (КВИ+ / U07.1 – 2200, КВИ- / U07.2 – 479, ілеспе аурулардан – 764) қайтыс болған. Алайда Қазақстан билігі бойынан коронавирус табылса да, басқа аурулардың себебінен қайтыс болды делінген 764 адамды жалпы статистикаға қосып есептемейді. Сарапшылар бұған қарсы. Олардың айтуынша, коронавирустың жанама әсерінен қайтқандардың жартысынан астамының себебі қан айналымы жүйесінің аурулары болғандықтан, оған инфекция дерт қоздырушы фактор ретінде өлімге әкеп соқтырған.

Қоғамда биылғы 256 мың пневмония жағдайын есепке қоспай, жалпы статистиканы «маусым-шілде қырғынан» кейін жүргізе бастаған Үкіметтің есебіне күмәнмен қарайтындар көбейген.

Қазақстан вирус таралуы бойынша әлемде Worldometers дерекқоры және ДДСҰ тізімінде 48-ші орында тұр.

"The Qazaq Times"