Францияның бірнеше қаласында билік ұсынған заң жобасына қарсы митинг өтті. Париждегі шеру соңы полицейлермен қақтығысқа ұласты. Жұрттың наразылығын туғызған мәселе – биліктің полиция құзіретін кеңейтіп, журналистер құқығын шектеуі.
Елдің ішкі істер министрлігінің наразылық акцияларына 26 мыңнан аса адамның қатысқанын мәлімдеді. Ал ұйымдастырушылар ереуілге 133 мың адамның шыққанын хабарлады. Тәртіпсіздіктер кезінде 150-ге жуық адам қамауға алынған.
Наразылар заңның 24-бабына қарсы шеруге шыққан. Бұл бап қызметтік міндетін атқарып жатқан полиция қызметкерлерін суретке түсіруге тыйым салады. Бұл заңды қазір Франция парламентінің төменгі палатасы – Ұлттық ассамблея мақұлдап, Сенатқа жіберілген.
24-бап аясында қызметтік міндетін атқарып отырған полицейлердің суретін жеке басына қол сұғу мақсатында жариялау не тарату бір жылға дейін бас бостандығынан айырылуға және 45 мың евро (53 мың доллар) айыппұлға әкелуі мүмкін.
30 қарашада Францияның 70 қаласында «Жаһандық қауіпсіздік туралы» заң жобасына қарсы наразылық акциялары өтті, оның ережелері полиция мен жандармерия қызметкерлерінің фото және видео түсірілімдерін жүргізуге тыйым салады. Бұқаралық шерулердің ұйымдастырушылары қатарында журналистер кәсіподақтары, «адам құқықтарын қорғау лигасы» және басқа да қоғамдық бірлестіктер бар.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы