Білім вице-министрі Бибігүл Асылова редакция жолдаған сауал бойынша, 2015 жылдан бері сот шешімімен 2,5 мыңға жуық жас мемлекеттік гранттың ақысын өтеуге міндеттелген.
«Білім туралы» заңның 47-бабының 17-тармағына сәйкес, ауылдық квотамен педагогика мамандығына оқуға түскен жастар ЖОО-ны бітіргеннен кейін ауылдық мектептерде кемінде үш жыл жұмыс істеуге міндетелген. Осы заң аясында міндетті орындамаған жағдайда бюджет қаржысы сот арқылы өндіріледі. Мұнымен Білім министрлігінің операторы «Қаржы орталығы» АҚ айналысады.
«2015 жылдан бастап 2020 жылдың 26 қараша арасында «Қаржы орталығы» АҚ жас мамандардың заң бұзуына байланысты 5164 арызбен сотқа жіберілген, оның ішінде 2433 жас маман сот шешімі бойынша оқу шығындарын мемлекеттік бюджетке қайтарып жатыр. «Қаржы орталығы» АҚ жас мамандар жауапкершіліктен жалтарған жағдайда білім беру гранттарының өтелуін қамтамасыз ету міндеті жүктелген», – делінген вице-министр Бибігүл Асылованың жауап хатында.
Дегенмен Қазақстан жастарының ауылдық жерлерге бармауының өз себебі де жоқ емес. Онда өмір сүру сапасы мен жұмыс орны заманауи нормаларға сай деп айтуға келмейді. Кәсіби өсу және бәсекелестіктің жолы тар. Жеткілікті жұмыс орындары жоқ. Сондықтан жас мамандардың көпшілігі қолына тиген жұмысқа тұрып, тіршілік етеді. Ал билік барлық аймақтарда кездесетін жұмыспен қамтудың жеткіліксіздігін біле тұра жастарды жауапқа тартуды міндеттейді. Әлеуметтанушы мамандар білім гранты мемлекеттік тапсырыс негізінде тағайындалғантықтан өңірде жұмыспен қамтуға да мемлекет жауапты болуы керек дейді. Расында да, осындай себептермен қалада қызмет етіп жүрген жастар «Қаржы орталығының» шағымымен борышкерлік қамытын киіп жүр.
















Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?