АҚШ Еңбек департаменті баспасөз қызметінің хабарында, Alphabet Inc. (GOOG) компаниясына қарасты Google Inc-та сауалнама жүргізілген. Нәтижесінде компанияның әйел қызметкерлеріне төлейтін сыйақысы ер қызметкерлеріне қарағанда көп төмен екені белгілі болған. Бұл Силикон алабындағы (Silicon Valley) технологиялық компаниялар арасында жыныстық кемістушілікпен айыпталған компания санын тағы біреуге көбейтті.
The Wall Street Journal басылымының хабарына қарағанда, Еңбек департаменті алғашқы жүйелі тексеру қызметі барысында танымал Google компаниясында сыйақы берудегі теңсіздік ісін байқаған. Сондықтанда Google компаниясының басына біраз әурешіліктердің туғаны анық. Алдағы уақытта компания федералды мердігер ретінде АҚШ үкіметінің күнделікті бақылауын қабыл алуына тура келіп отыр. Күнделікті бақылау Google компаниясында осы айтылғандай әйел қызметкерлерді кемсітушіліктің болған, болмағанын растау.
АҚШ Еңбек департаменті Google-ден сыйақы беру ережелері мен сақталған мәліметтерді ашып көрсетуін талап етуде. Ал Google ұжымы бұл айыпты теріске шығарып, мұндай іс болған емес деп отыр.
“The Qazaq Times”