Ауғанстанның Газни провинциясындағы әскери базаға жасалған лаңкестік шабуылдан кемінде 31 адам қаза тауып, 24 адам жарақат алды. Ауғанстан қарулы күштеріне жасалған шабуыл елдегі ішкі диалогтың дағдарысын көрсетті.
Газгидағы әскери база ауған үкіметінің арнайы жасағына қарасты база. Куәгерлердің ақпарат құралдарына берген мәліметіне қарағанда жойқын жарылыс бомпа тиелген көлік арқылы жасалған. Жергілікті ресмилердің мәліметіне қарағанда осымен бір уақытта Забул провинциясында да жарылыс болып 3 адам қаза тауып, 20-дан астам адам жарақат алған. Забулдағы шабуыл ассамблея төрағасына бағытталғаны туралы мәліметтер бар.
Қазірге дейін бір де бір ұйым аталған екі шабуылды өз мойнына алған жоқ. Дегенмен, шабуыл Ауғанстанның ресми билігі мен Талибан арасындағы келіссөздердің дағдарысы кезінде жасалды. Талибан өкілі де мәлімдемесінде аталған шабуылға қатысты мәлімет бермеген.
Қазір Ауғанстандағы ресми билік пен тәліптер арасында келіссөздер тоқтап тұр. Ара ағайындық жасап отырған Катар тарабы да тараптардың диалогы ең маңызды кезеңде үзіліп қалғанына алаңдаулы. Тараптардың келіссөздері тоқтаған тұста елдегі зорлық-зомбылық актлері көбейді. Бір ғана қараша айының өзінде ондаған қауіпсіздік қызметкерлері мен бейбіт тұрғын қаза тапты. Жарақат алғандар саны жүздеп саналуда.
Бейбітшілік мақсатындағы келіссөздерге қарамастан тәліптер мен ресми үкімет арасында елдегі провинцияларға деген қарулы талас әлі жүріп жатыр.