Канаданың Эдмонтон қаласында керлингтен өтіп жатқан әлем чемпионатында Швеция мен Канаданың ерлер құрамалары финалға өтіп, нәтижесінде Канадалық команда жеңіске жетті.  

Кеше жексенбіде өткен финалдық кездесу 4:2 есебімен канадалықтардың пайдасына шешілді. Осы жылы қатарынан екінші мәрте әлем чемпионы атанып, осы сайыстың тарихындағы 36 мәрте әлем чемпионы болып, әлемдік рекорд орнатты.

Жарыс жеңімпаздары Пхенчханда өтетін Олимпиада ойындарына фавориттердің бірі ретінде жолдамаға ие болды.

Ал 2018 жылы керлингтен әлем чемпионаты АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткізілмек.

“The Qazaq Times”