Канада билігі Boeing 737 MAX ұшағының коммерциялық рейстерін қалпына келтіруге әзіге рұқсат бермейді. Бұл туралы Канаданың көлік министрлігінің басшысы Марк Гарнодың мәлімдемесінде айтылды.
Департамент АҚШ-тың Федералды авиация басқармасы (FAA) Boeing 737 MAX ұшақтарын жаңартуға рұқсат берген. Бірақ бұл авиалайнерлердің Канаданың әуе кеңістігіне кіруіне рұқсатты тек арнайы мамандар қарайды.
«Канаданың әуе кеңістігінде Boeing 737 MAX ұшақтарының коммерциялық рейстеріне қойылған шектеулер сақталады және Көлік министрлігі қауіпсіздік департаменті барлық қауіпсіздік мәселелері шешілгеніне дейін тыйымды жоймайды», – деді министр.
Сәрсенбіде Reuters АҚШ-тың авиациялық реттеушісі аталған ұшақ жұмысын қайта бастауға рұқсат бергенін хабарлады.
2018 жылы 10 наурызда Дэбрэ-Зэйт қаласы маңында «Ethiopian Airlines» компаниясына тиесілі Boeing 737 Max» ұшағы апатқа ұшырап, салдарынан 157 адам көз жұмған болатын. 2018 жылы қазан айында Индонезияда тап осы модельді лайнер құлап, 189 жолаушы қаза тапқан еді. Араға санаулы күндер салып, Американың Джексонвилл қаласындағы өзенге Boeing 737 жолаушылар ұшағы құлады.
Осы оқиғадан кейін Ұлыбритания мен Франция ұшақтан бас тартса, Малайзия, Австралия, Индонезия, Қытай мен Сингапур билігі әуе кемесін бұдан былай сапарға шығармайтын болды.


















Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?