АҚШ әскери жоғары лауазымдыларының бірі, WSJ басылымына берген мәліметінде, «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымы өткен сенбі күні Сүрияның оңтүстік жағында орналасқан АҚШ әскери базасы мен Сүриядағы АҚШ қолдауындағы күштердің базасына шабуыл жасаған. Екі тарап бір майдан сұрапыл ұрыс салған. Соңында АҚШ әскери базасындағылар әуе күштерін көмекке шақыру арқылы лаңкестерді шегінуге мәжбүр еткен.
Әскери лауазымдылардың берген мәліметінде, Сүрияның оңтүстігінде Иордания шекарасына жақын маңда орналасқан әл-Танф базасында, аталған лаңкестік ұйым автокөлік қопарылысын жасаған. Осыдан кейін шамамен 30-ға жуық лаңкестер базаға күшті шабуыл жасаған.
Аталмыш база, АҚШ арнаулы қосынының Сүриядағы базаларының бірі және бұл арада АҚШ қолдауындағы сүриялық күштерде бекінеді. АҚШ-тың Сүриядағы маңызды бекінісі болып саналады.
Коалициялық күштер мен Сүрия либералдық күштерді селбесіп, лаңкестік шабуылға төтеп берген. Алайда, адам шығыны туралы нақты мәлімет берген жоқ.
“The Qazaq Times”