Бір айға жуық ақпарат көздерінен көрінбей кеткен Солтүстік Корея басшысы Жұмысшылар партиясының жиынына қатысты. Ол туралы соңғы ресми мәліметте оның 22 қазан күні Корей соғысында құрбан болған қытайлық әскерлерді еске алу шарасына қатысқаны айтылған еді.

КХДР басшысы Ким Жоу Ун Жұмысшылар партиясы Орталық комитетінің жиынында коронавирус індетіне қарсы күшті дайындықта тұруға тапсырма берген. Пиоңяң билігі елде індетке шалдыққан ешбір тұрғын жоқ деп келеді. Алайда, Оңтүстік Корея барлау ұйымы солтүстік көршілерінде жасырын карантиндік лагерлердің бар екенін айтады.

Ким Жоң Ун бұған дейінге індетке қарсы қатаң шаралар көретінін білдірген. Күз басында Оңтүстік Кореядан шекра бұзып өтпек болған бір адам оққа ұшқан еді, Пиоңяң билігі бұны індетке қарсы қатаң шаралардан болғанын алға тартқан. Және де сол Оңтүстік Кореяның барлау қызметі анықтаған деректе вирус жұқтырған қытайлықтардың кірмесі үшін Солтүстік Корея шекараға мина көмгені де мәлім болды.

Бірақ, Қытайға жақын шекаралардағы Оңтүстік Кореялықтар кедейшілік пен ашаршылықта өмір сүріп жатқаны туралы халықаралық ұйымдар мәлімдеп келеді. Оларға жеткілікті медициналық көмек көрсетілмейді және дәрі-дәрмек жоқ десе де болады. Кейбір мәліметтерде коронавирустың симптомдары бар кейбір солтүстік коерялықтардың ауру белгілерін жасырып, үйінде емделіп жатқаны да айтылады.

Сыртқа жабық ел болғандықтан Солтүстік Кореядағы саяси жаңа қадамдар мен жоғары лауазымдылардың алмасулары турасында болжам жасау қиын. КХДР басшысы Ким Жоң Унның ақпарат бетінен жоғалып кетуі мен қайта пайда болуын Оңтүстік Кореяның барлау қызметі жіті қадағалап отырады. Бұл ретте де оның бір айға жуық уақыттан кейін партия жиынына қатыстақнын оңтүстік кореялық барлау агенттігі хабарлады.

“The Qazaq Times”