Әлемде бір апта ішінде коронавирус жұқтыру бойынша тағы да антирекорд орнады. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлады.
Соңғы жеті күнде дүние жүзінде 3 миллион 600 мыңға жуық адамнан вирус анықталған. Олардың дені – еуропалықтар . Өлім-жітім көрсеткішінің жартысына жуығы да Еуропада тіркелген.
Ресми мәліметтер бойынша, дүниежүзі бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 52 миллионнан асқан. Пандемияның екінші толқыны белең алған Еуропаның бірқатар мемлекеттері екінші рет жаопы оқшаулау режиміне көшті.
Қатаң шектеулер енгізген Ұлыбританияда да індеттің таралуын бақылауға алу үшін тұрғындарды тестілеу күшейтілді. Билік азаматтарға аурудың нышандары байқалмаса да, тексерістен өтуге кеңес беруде. Үкімет осы арқылы вирусты жұқтырғандарды тез анықтап, індеттің таралуын азайтуды көздеп отыр.
Италияда індеттің таралуы қайта күшейіп, дертке шалдыққандар 1 миллионнан асты. Аппенин түбегінде күн сайын 30 мыңнан астам адамнан анықталып жатыр. Мамандар індеттің күшеюін елде жаппай тестілеу жүргізіле бастауымен байланыстырды. Ал оқшаулау тәртібі енгізілген Франция ауруханаларында коронавирусты жұқтырғандар саны артып, емдеу орталықтарында орын жетіспей жатыр. Салдарынан науқастарды көрші Германияға аттандырып жатыр. Олардың басым бөлігі – қарттар.
Айта кетейік, кеше Pfizer және BioNTech фармацевтикалық компаниясы жасаған вакцина барлық сынақтан сәтті өтіп, 90% дәлдік көрсеткен. Екі компания осыған дейін вакцинаның адамға теріс әсері болмағанын мәлімдеді. Қазір Pfizer мен BioNTech АҚШ билігінен осы айда вакцинаны төтенше жағдайда қолдануға рұқсат алмақ. Сарапшылар бұл жаңалықты «адамзат ұлы күн» деп бағалады.


















Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?