Қазан айының ортасынан бері елдегі эпидемия жағдайы күрделене түсті. Коронавирустың жанама әсері, яғни ілеспелі аурулардан 709 адам қайтыс болған, бірақ олар жалпы статистикаға енбейді. Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиниятқызы қандай мәселені шешуге уәде берді?
Кейінгі онкүндікте ПТР тесті арқылы зертханада расталған коронавирус жұқтырған науқастар күрт өсіп, 400-дің үстінде тіркеліп жатыр. Коронавирус пневмониясы да демалыс күндерінен басқа кезде айтарлықтай артқан.
Бүгінгі таңда 13 наурыздан бастап COVID-19 жұқтырғандар қатары 117 мыңға жуықтап, 1 тамыздан бергі коронавирус пневмониясы 39 мыңнан асқан. ДДСҰ мәліметінше, Қазақстанда ауырғандардың саны 155 мыңға жеткен. Дегенмен Үкімет коронавирус пен оның пневмониясын екі бөлек есептейді. Пандемия басталғалы жалпы вирус жұққандардың 3017-сі (КВИ+ / U07.1 – 1899, КВИ- / U07.2 – 409, ілеспе аурулардан – 709) қайтыс болған. Алайда Қазақстан билігі бойынан коронавирус табылса да, басқа аурулардың себебінен қайтыс болды делінген 672 адамды жалпы статистикаға қосып есептемейді. Сарапшылар бұған қарсы. Олардың айтуынша, коронавирустың жанама әсерінен қайтқандардың жартысынан астамының себебі қан айналымы жүйесінің аурулары болғандықтан, оған инфекция дерт қоздырушы фактор ретінде өлімге әкеп соқтырған.
Қазан айының ортасында сол кездегі Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі қызметінде болған «ерікті» Бағдат Қожахметов QT редакциясының қойған сұрағына жалпы есепке кірмейтін коронавирустың жанама әсерінен қайтыс болғандардың саны 672-ге жеткенін мәлімдеген.
Ведомство ұсынған ресми дерегі бойынша КВИ жанама-ілеспелі ауруларынан қайтқандардың айлық көрсеткіші (республика көлемінде):
Мамыр | Маусым | Шілде | Тамыз | Қыркүйек | Қазанның алғашқы жартысы |
Жалпы |
4 | 109 | 390 | 95 | 51 | 23 | 672 |
Денсаулық сақтау министрлігінің жедел деректері ресурсы ұсынған әр өңірдегі коронавирустың жанама әсерінен қайтыс болғандар саны:
№ |
Қазақстан Республикасы | 672 |
1 |
Ақмола |
33 |
2 |
Ақтөбе | 4 |
3 |
Алматы |
42 |
4 | Атырау |
6 |
5 |
Батыс Қазақстан |
39 |
6 | Жамбыл |
57 |
7 |
Қарағанды |
72 |
8 |
Қостанай |
47 |
9 | Қызылорда |
73 |
10 | Манғыстау |
6 |
11 |
Павлодар |
63 |
12 |
Солтүстiк Қазақстан |
50 |
13 | Түркістан |
18 |
14 | Шығыс Қазақстан |
71 |
15 |
Астана |
42 |
16 | Алматы қ. |
36 |
17 | Шымкент қ. |
13 |
Ақпараттың жаңармағанына бір айға жуықтады. Редакция журналисі денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиниятқызынан сұрап көрді.
«Бүгінгі таңда коронавирус жұқса да жанама-ілеспелі аурулардан қайтыс болғандар туралы 709 жағдай бар. Бұл өлім жағдайын зерделейтін комиссияның қорытындысы бойынша нақтыланады. Оның басшысы аурухана жетекшісінің орынбасары тағайындалады. Комиссия бізге жолдаған мәліметті біздің жүйеге қалай тіркейді, солай есепке аламыз», – дейді вице-министр Ғиниятқызы.
- Тыныс алу жүйесінің аурулары – 332 (47%);
- Қанайналым жүйесінің аурулары – 235 (34%);
- Эндокриндік жүйенің аурулары, тамақтану және алмасу бұзылуы – 34 жағдай (5%);
- Жаңа өскіндер – 32 жағдай (5%);
- Басқа жағдайлар – 76 жағдай (9,0%).
Ең көп өлім жағдайы Шығыс Қазақстан облысында – 83, Қарағанды облысында – 74, Қызылорда облысында – 73, Павлодар облысында – 67 және Жамбыл облысында – 58 жағдай тіркелген.
Ол комиссия тиісті деректі күнделікті өткізбегендіктен тәулік сайын жариялаудың реті келмейтінін айтады. Қазақ тілінде хабар тарататын ақпарат құралдарымен еркін тілдесе алатын «дара кадр» Ғиниятқызы аталған ақпаратты айына бір рет жариялауды жолға қоюға уәде берді.
– Біздер мұны қолға алайық. Аймақтар бойынша айына бір рет жариялап отыратын боламыз. Әр өңірге хат жолдаймыз. Он күн не бір аптаның арасында сайтқа жарияланатын болады, – деп сөз берді ол.