Америка Құрама Штаттарындағы президент сайлауының ресми күні аяқталып, дауыс саны саналуда. Елдің шығыс және батыс өңіріндегі штаттарда демократтардың үміткері Жо Байден алға шықты.
Осыдан екі сағат бұрын Жо Байден АҚШ-тағы 538 сайлаушының 208-інен қолдау алып, Трамптан оқ бойы озып шыққан болатын. Алайда, Техас пен Оңтүстік Каролина штаттарындағы дауыс беру нәтижесі жария болғаннан кейін Трамп парықты қысқартты.
Дәл қазір штаттардағы 538 сайлаушының 224-і Байденді, 213-і Трампты қолдап шықты. Трамптың жеңіске жеткен штаттар саны көп болғанымен, сайлаушылар мен тұрғындар саны жағынан қазірше Байден жеңіске жеткен 19 штат басым тұр.
Әлі де дауыс беру нәтижесі анық болмаған Пенсильвания, Мичиган, Висконсин, Солтүстік Калорина, Джорджия, Аляска, Мэн, Аризона, Невада штаттары қалды. Бұлардың арасында Аризона мен Нвада штаттарында ғана Байденнің бәсі басым. Өзге ірі штаттарда Трамп алда келе жатыр.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр