Бүгін АҚШ-тағы президент сайлауының соңғы күні, сайлаудың қызу бәсекеде өтуіне орай қорытынды нәтиже белгілі болғаннан кейін ірі қалаларда дүрбелең болуы да мүмкін деп болжануда.
Екі күннен бері ірі қалалары болуы ықтимал дүрбелеңге алдын-ала дайындықтарын көруде. Уашингтонда банк, қонақ үй, ресторан секілді ғимараттардың сыртына арнайы қоршаулар тұрғызуда. Көше бойындағы көптеген дүкендер жұмысын уақытша тоқтатып, есік-терезелерін мықтап жауып жатқаны туралы хабарлануда.
Әлеуметтік сауалнама нәтижесіне сай, дауыс берушілердің 56 пайызы сайлаудың ресми күні наразылық шаралар күшейіп, таңдауы ұқсамаған азаматтар арасында қақтығыс болуы да мүмкін деп есептейді.
Құрама Штаттардағы қазіргі әлеуметтік көңіл-күйге орай бірқатар штаттар мен ірі қалалардың қауіпсіздік қызметкерлері дүрбелеңге қарсы шаралар көріп жатыр. Федералдық қауіпсіздік күштер көбейтіліп, бірнеше қалаларда қарулы полиция көшелерді шарлап жүр.
Ақ үйдегі дерек көздеріне сілтеме жасаған бірнеше америкалық арналар сайлауда Дональд Трамп жеңіске жетсе қоғамдық дүрбелең болып кетуі мүмкін екені туралы мәліметтердің бар екенін де хабарлады. Федералдық үкіметтің мәліметінше, мұндай дүрбелеңдер Жоу Байденді көбірек қолдаған Нью-Йорк, Уашингтон секілді ірі қалаларда болуы ықтимал. Егер демократтардың үміткері жеңіп шықса онда массалық жүрістер болмауы да мүмкін.
Бұндай қоғамдық көңіл-күйді президент Дональд Трамптың мәлімдемелері пайда қылды деп санайтындар да бар. Соңғы айлардағы мәлімдемелерінде Трамп «сайлау нәтижесі жарияланған күні дауыс беру орындарына келіп демократтардан «жеңісті қорғап қалыңдар» деген сөздері де бар. Сондай-ақ, Трамп қарсыласы Жоу Байденнің ұтып шығатынына сенбейді, әрі билікті бейбіт жолмен өткізіп беруге де уәде бермеген.