АҚШ-тағы президент сайлауына санаулы уақыт қалды. Алдын ала сауалнама нәтижелері демократ Джозеф Байденнің жеңісін болжап отыр. Дегенмен басты төреші – ертеңгі күн. Сайлауда жеңіске жететініне толықтай сенімді Ақ үй басшысы Дональд Трамп сауалнамалардың «жалған» екенін айтты.
Трамп: «Мен жалған сауалнамаларды көрдім. Біз бәрібір жеңіске жетеміз. Шынайы сауалнама болса, біздің жеңіске жететініміз айтылар еді. Осыдан төрт жыл бұрын халық Американы дамытқан аутсайдерге дауыс берді. Бұл жолы да біз юеңіске жетеміз», – деді.
Бұған дейін Уашингтондағы америкалық университеттің профессоры Кэндис Нельсон Трамптың Байденнен артта қалуына қарамастан президенттік сайлауда жеңіске жету мүмкіндігі бар екенін айтқан.
Real Clear Politics саяси желілік ресурсының соңғы мәліметтеріне сәйкес, Байден Трамптан сайлаушылар арасында танымалдығы бойынша орташа есеппен 6,5% алда келеді. Бүгінге дейін 97 млн бюллетень өткізілген. Оның 35 миллионы сайлау учаскілерінде жасалған дауыстар болса, 62 млн-ға жуығы поштамен жасалған дауыстар. Бұл – 2016 жылғы барлық дауыстардың үштен екі бөлігі және АҚШ тарихындағы рекордтың көрсеткіш.
АҚШ президенттігіне бірінші үміткер – республикалық партияның өкілі Дональд Трамп. Республикалықтардың соңғы жылдардағы ұстанымы – салықты азайту, қаруды ұстау құқығын қолдау және көші-қонға қатысты қатаң шектеулер енгізу. Шалғай өңірлерде қолдаушылары көп. Республикалық экс-президенттердің қатарында Рональд Рейган мен Джордж Буш бар.
Екінші үміткер – демократ Джо Байден. Барак Обама ел басшысы болған кезде 8 жыл бойы вице-президент қызметін атқарған. Саясаттағы тәжірибесі 50 жылға жуықтайды. Демократтар партиясының өкілі. Бұл саяси ұйым азаматтық құқық, көші-қон және климаттың өзгеруі секілді мәселелерге деген либералдық көзқарасымен ерекшеленеді. Демократиялық партияның экс-президенттері қатарында Джон Кеннеди, Билл Клинтон мен Барак Обама бар.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер