Бішкектің орталығында Қырғызстан билігіне қойылатын түрлі талаптары бар алты түрлі пикет өтті. Орталық алаңда шамамен 50 адамнан тұратын үш топ жиналған.
Наразы топтардың бірі «Северэлектро»АҚ-ның жұмыстан босатылған Бас директоры Доскул Бекмурзаевты қайтадан қызметке алуды ал, бір топ Ұлттық банк төрағасы Толқынбек Әбдіғұловтан Халыққа бұрын берілген несиелерді есептен шығаруды талап етті.
Сонымен қатар Парламент ғимаратының жанында орналасқан Ала-Тоо алаңында Орталық Азиядағы ең ірі базардың бірі «Дордой» жұмысшылары митинг ұйымдастырды. Олар Қытайдың Қырғызстан шекарасында орналасқан өткізу пункттерін ашуды сұрады. Себебі олардың жұмысы коронавирус пандемиясына байланысты тоқтатылған. Олардың жанында бір топ пикетші әйелдер Республиканың экс-президенті Алмазбек Атамбаевты саяси қудалауды тоқтатуды талап етті.
Қырғызстанда саяси дағдарыс қазанның басынан бері бірнеше күнге созылды. 6 қазанға қараған түні парламент құрамына енгізілмеген партиялардың жақтастары сайлау қорытындылары бойынша жаппай наразылық шерулерін ұйымдастырып, Ақ үйге басып кірді. Кейіннен ОСК дауыс беру нәтижелерін жарамсыз деп таныды. Ел президенті Сооронбай Жээнбеков, премьер-министр Кубатбек Боронов және парламент спикері Дастан Жұмабеков отставкаға кетті. Жаңа премьер болып Садыр Жапаров сайланды. Қазір ол президенттің міндетін атқарушы.
Қырғызстандағы мемлекет басшысының мерзімінен бұрын сайлауы келесі жылдың 10 қаңтарына жоспарланған. Депутаттардың шешіміне сәйкес қайта парламенттік сайлау «келесі жылдың 1 маусымынан кешіктірілмей» өткізілуі тиіс.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі