Украина Конституциялық Соты президент Зеленскийдің елдегі саяси жағдайдың шиеленісуіне әкеліп соқтырған «сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы» заң нормаларының бір бөлігін алып тастау туралы шешіміне демарш жариялады. Мұны Зеленский «олигархтардың қастандығы» деп қатаң сынға алды.
Ел президенті өзінің Telegram каналында: «Конституциялық Соттың демаршасы – ескі элиталар мен олигархтардың президентке және елге қарсы жасаған қастандығының қоғамдық көрінісі. Басқа жол жоқ. Бұл – халыққа қарсы тұру. Себебі әлсіз президент пен әлсіз мемлекет – олардың сыбайлас жемқорлыққа құрылған өмір салтын сақтаудың кепілі» , – деп жазды.
27 қазанда Украинаның Конституциялық соты «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы» заң нормаларының едәуір бөлігін, атап айтқанда шенеуніктердің электрондық декларацияларды жариялау және оларды тексеру қажеттілігін елдің негізгі Заңына сәйкес емес деп таныды.
29 қазанда Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің шұғыл отырысында Зеленский «Киев сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама туралы сот шешіміне байланысты Батыс серіктестерінің қаржылық қолдауын жоғалтады» – деп мәлімдеді.
Украина президентінің ел парламентіне ұсынған заң жобасында Конституциялық Сот судьяларының өкілеттіктерін тоқтатуды, оның декларациялау туралы шешімін жарамсыз деп тануды және «сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы» Заңға тиісті өзгерістерді жою қарастырылған.
Еуропа Кеңесінің Венециялық комиссиясы Рада спикері Дмитрий Разумковқа хат жіберіп, Зеленскийдің ұсынысына алаңдаушылық білдіретінін айтты. Комиссия спикерді «Конституциялық судьялардың отставкаға кетуі туралы шешімнің ел үшін салдарын қарауға» және қалыптасқан жағдайды реттеудің «ықтимал балама жолдарын зерттеуге» шақырды.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы