Брюссельде Еуроодақ саммиті басталды. Екі күнге созылған жиында одақ басшылары осы басқосуда Түркия және Қытаймен қарым-қатынастары, Brexit келісім, Беларусь пен Таулы Карабахтағы жағдайды талқылады.
Жиында Беларуське қарсы санкциялар енгізу мәселесі дау туғызатын түрі бар. Өйткені Кипр мемлекеті өз аумағына тиесілі Жерорта теңізінде геологиялық барлау жүргізіп жатқан Түркияға да санкциялар салынуы керек деп санайды.
Бұл тақырыпқа қатысты мәлімдеме жасаған Германия канцлері Ангела Меркель: «Еуроодақ Грекия мен Кипрдің Түркиямен арадағы дауын бейбіт шешуге ниетті. Түркиямен жан-жақты қатынас орнаған. Солтүстік Атлантика қорғаныс ұйымындағы одақтасымыз. Қиындығына қарамастан, сындарлы қатынастарды дамыту қажет. Сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау бойынша Қытаймен ынтымақтастығымыз және бұл елмен инвестициялық келісім басты назарда болады. Алдағы айларда бұл жөнінде ширата түспекпіз. Таулы Карабахта жараланған француз тілшілерін еліне тезірек қайтару үшін қолдан келгенін жасап жатырмыз. Санитарлық ұшақ оларды алып кетуге дайын тұр», – деді.
Осы аптада Франция президенті Эммануэль Макрон Ақ үй басшысы Трамп және Ресей перзиденті Путинмен Таулы Карабақтағы жағдайды талқылаған. Франция Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Минск тобына мүше ел ретінде ешбір шарт қоймай, атысты доғаруды талап етіп отыр.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел