25 желтоқсан күні «The New York Times» сайтында жапондықтардың ұстанымы жағдайға қарай өзгеріп отырады немесе Перл-Харбор мәселесі енді шектелмейді деген тақырыпта мақала жарияланған болатын.
Бұдан тура бес жыл бұрын Жапония бас уәзірі Гавайи аралында өткен сауда-экономика саммитіне қатысқан. Алайда ол сонда айтылған Перл-Харбор мәселесінде әдейі салқынқандылық танытқан болатын.
Осыдан кейінгі аптада жапон премьер-министрі Шинзо Абе Гавайға аттанып, Жапония 75 жыл бұрын әуеден бомбалаған АҚШ теңіз армиясының базасына сапарлай барды. Ондағы тарихи орынды көзден кешірді. 75 жыл бұрын болған бұл оқиғада АҚШ-тың 2 мың 400 адамы қаза тауып, Америка Құрама Штаттарын Екінші дүние соғысына еріксіз кіргізген болатын. Бас уәзірлерінің бұл сапары Жапонияда зор қоғамдық пікір қозғаған. Тіпті, Жапония премер-министрі сол кездегі АҚШ президенті Барак Обамамен бірге, Перл-Харборда қаза болған құрбандарға тұрғызылған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, зардап шеккендерге көңіл айту сөзін жазған еді.
Жапония ежелден Екінші дүние соғысына екіұадай көзқарас ұстанып келген. Перл-Харборға шабуыл олар үшін бір реткі трагедия ретінде саналатын. Алайда, бұл шын мәнінде туылмай қоймайтын оқиға еді. Сол кездегі Американың Тынқ мұхиттағы мұнайлы алаптарға жасаған эмбаргосы, Жапонияның империялық саясатына тұсау болып келген еді.
Ежелден Жапонияның ішкі оппозициясының қарсылығы себепті, жапон лидерінің Перл-Харборға барып, құрбандарға аза білдіру мүмкін емес болып келген. 1994 жылы Жапонияның патша тағындағы Акихито құрбандарға аза білдіруге қатысатынын білдіргенде, жапон ұлтшылдары мен оңшыл топтарының күшті қарсылығымен шешімін өзгертуге мәжбүр болған еді. Ал, бес жыл бұрын бас уәзір Шинзо Абе өзінің Перл-Харборға баратынын мәлімдегенде, жапондықтардан ешқандай қарсылық болмады, қоғамдық пікірлерде қолдауға ие болды. Жапон бас уәзірі Абе нағыз консерватившіл және жапон қоғамындағы ұлтшыл топтармен терең байланыстағы адам.
«Жас ұрпақтың Перл-Харбор оқиғасы дегенді естуі бар, алайда олар нақты деректерді біле бермейді. Басым көп жас буынның соғыс туралы хабары өте аз» дейді Токиодағы орта мектептің тарих оқытушысы Катсутоши Чужо (Katsutoshi Chujo ). Жапон халқы да өз елімен АҚШ арасындағы қатынастың тым «шіркін-ай» емес екенін жақсы біледі, бұл да болса Перл-Харборға жасалған сапардың терең мәні деуге болады.
Әсілі, жапон перемьерінің Перл-Харборға кезекті сапары АҚШ президент сайлауының қарсаңына жоспарланған. Алайда, Доналд Трамптың жеңісі жапон билігін алаңдатқандай. Өйткені, сайлау қарсаңында Трамп Жапонияны қатты сынап-мінеген, тіпті, өзінің қорғанысына жеткілікті қаражаты жоқ дегендей сөздер айтқан болатын, Ал, АҚШ перзиденті Обама мамыр айында Хиросима аралына барғанда, Трамп өзінің Twitter парақшасына: «Обама тақта отырған кезінде америкалықтар мыңдап құрбан болған Перл-Харбор оқиғасын бір рет болса да талқылады ма?» деген сөздер жазды.
Жапония бас уәзірінің ойында тарихтағы Жапонияның шабуылы үшін кешірім сұрау ниеті жоқ. Бұл бейне Обаманың Хиросимаға тасталған атом бомбасы үшін кешірім сұрамағаны секілді. Қайшылық әрине.
«The Qazaq Times»