Таулы Қарабақтың ескі дауы бойынша Армения мен Әзірбайжан күштері қайта қақтығысты. Ресми әскери күрес екінші күн қатарынан жалғасып, екі тарап бірін-бірі күш қолданды деп айыптап жатыр.
Қарабақ жері Әзірбайжанның териториясы, алайда ол жерде этникалық армяндар көп қоныстанған.
Екі ел арасындағы 2016 жылдан бергі ауыр қақтығыстар Оңтүстік Кавказ аймағындағы тұрақтылыққа, мұнай мен газды әлемдік нарыққа жеткізетін дәлізге деген алаңдаушылықты арттыра түсті.
Әзірбайжан президенті әскери күшті жұмылдырған. Армения қорғаныс министрлігі өкілінің мәліметінше, елде әскери жағдай және жаппай жұмылдыру жариялаңан Ереван тарапынан 200 адам жараланды. Қарабақта 15 сарбаздың қаза тапқанын хабарлады. Сондай-ақ, жексенбіде бақылаудан шығып қалған кейбір аумақтарды қалпына келтіргенін және Әзірбайжан аудандарды атқылау үшін ауыр техниканы қолданғанын айтты.
Әзірбайжанның қорғаныс министрлігі армян күштері Тертер қаласын атқылағаны туралы мәлімдеді.
Жексенбіде Қарабақ жерінде Әзірбайжан әуе-артиллерия шабуылын жасағаннан кейін оның 16 әскери қызметкері қаза тауып, жүзден астамы жараланды деген дерек тарады.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі