Жаһандық індеттің әсерінде экономикалық дағдарыстың салмағы ауырлады. Бұл Орта Шығыс пен Солтүстк Африкадан Еуропаға ағылатын босқындардың жаңа толқынын тудырды. Осыдан бұрын Жерорта теңізін кесіп өтпек болған босқындарды құтқарған кемені ешбір еуропалық елдің порты қабылдамай қойғаны белгілі болып еді.
Еуропаға барар жолдың жақын қақпасына айналған Грекияда мыңдаған босқындар лагерлерде өмір сүріп жатыр. Бұдан бірер апта бұрын Грекиядағы 12 мыңнан астам босқын тұратын Мория босқындар лагерінде өрт шығып, мыңдаған босқын уақытша баспаналарда қалған болатын. Грек үкіметі ЕО-дан босқындар мәселесіне байланысты көмек те сұраған.
Бір күн бұрын Франция үкіметі мәлімдеме жасап Грекияның Лесбос аралындағы босқындардан 500 баланы қабылдайтынын білдірді. Қоғамдық ұйымдар ЕО Парламенті босқындар мәселесін шешуде тым дәрменсіз деп сынайды. Соған қоса, Еуропа елдері босқындарға тым қатаң шектеулер қойған деп айыптайтын қоғамдық ұйымдар бар.