ШҚО аумағына қарайтын Шемонаиха, Алтай және Көкпекті аудандарындағы мектепке барып оқитын балалардан вирус анықталды.
Жаңа оқу жылы басталғалы бері ШҚО-да оқушылардың арасында 4 ауру жағдайы тіркелді. Көкпекті ауданындағы мектеп 14 күнге карантинге жабылды. Коронавирус табылған ошақ ретінде оқу процесі қашықтан оқу режиміне көшті.
Шемонаиха ауданындағы мектептің 4-сынып, Көкпекті ауданындағы 11-сынып және Алтай ауданындағы 2-сынып оқушысынан COVID-19 инфекциясы анықталғандықтан, білім мекемелерінде эпидемияға қарсы санитарлық шаралар қолға алынған.
ДенМин мәліметіне сәйкес, қазіргі таңда Қазақстанда 36 өскіншек коронавирустан ауырып жатыр. Көктемгі және «маусым-шілдедегі қырғыннан» кейін Үкімет әзірге 2020-2021 оқу жылының алғашқы тоқсанын қашықтан-онлайн оқытуға шешім қабылдаған. Дегенмен кезекші сыныптар мен шағын жинақты мектептердегі 800 мыңдай оқушы, әсіресе бастауыш сынып оқушылары күнделікті қатынап оқып жатыр. Елімізде жалпы 3,4 млн оқушы бар, оның 2,6 млн-ы үйден, яғни қашықтан білім алуда.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы