Американың Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі Ұлттық басқармасы (NASA) АҚШ Қорғаныс министрлігімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат бойынша Пентагон аталған агенттіктің ғарыштық инфрақұрылымы қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бұл туралы ресми Defense News хабарлады.
Митчелл аэроғарыштық зерттеулер институтының онлайн семинарында NASA басшысы Джеймс Брайденштейн: «Ғарыш саласында қиындықтар артты және бұл мәселелер NASA-ға коммерциялық операторлар сияқты әсер етеді. Біз АҚШ-тың Ғарыштық күштеріне сенім артамыз. Қиындықтан бірге шығуға әрекет етеміз», – деді. Ол NASA-ға төнетін қауіп-қатердің мысалы ретінде Брайденштейн ғарыш аппараттарына кедергі келтіріп, оларды лазермен, кибершабуылдармен жоюға мүмкіндік беретін технологиялардың таралуын келтірді.
АҚШ ғарыш күштері президент Дональд Трамптың 2020 жылға арналған әскери бюджетіне қол қойғаннан кейін 2019 жылдың 20 желтоқсанында ресми түрде құрылды. Бұл – Америка Қарулы Күштерінің алтыншы түрі. Сонымен қатар 1947 жылы жергілікті армияның заманауи құрылымынан кейін құрылған алғашқы ұйым.
Уашингтон әкімшілігі «АҚШ ғарышты ықтимал соғыс театры ретінде қарастыруы керек», деп бірнеше рет айтқан. Американың бұл қадамын Ресей мен Қытай билігі жіті бақылауда ұстап отыр. Жақында ғана Ақ үй басшысы Дональд Трамп аталған екі мемлекетті «АҚШ-қа ғарыш саласында да, саясатта да қауіп төндіретін елдер», деп атаған.
Кейіннен Ресей президенті Владимир Путин Уашингтонның мұндай ұстанымынан кейін «Мәскеу спутниктердің орбиталық тобын, жалпы зымыран-ғарыш саласын нығайтуға ерекше назар аударуы тиіс», деген. Яғни ғарыш күштеріндегі бәсекелестік күн сайын артып отыр.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді