Өткен апта соңында АҚШ Мемлекеттік департаменті жетекшісінің экономикалық өсу, энергетика және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі орынбасары Кэиз Крач (Keith Krach) Тайуанға (Тайвань) сапарлай барған болатын. Ол Уашингтон мен Бейжің дипломатиялық қатынас орнатқаннан кейін Тайуанға барған ең жоғары америкалық лауазымды тұлға. Оның сапарына Бейжің тарабы күшті қарсылық реакциясын танытты. Айталық, Тайуан бұғазында әскери ұшақтарын ұшырды және жұма күні (18 қыркүйек) Тайуан аралы жақын маңда әскери жаттығуларын да өткізді. Қытайдың бұл әрекетін АҚШ мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео айыптағна болатын.
Крач Тайуан сапарынан орала сала Қытайдың жаңа технология жабдықтарынан бас тартуға насихаттау үшін бірден Еуропа елдеріне аттанды. Ол кезекті сапарының мақсатын «қауіпсіз желі» жаһандық бастамасын алға жылжыту деп көрсеткен. Сапар барысында ЕО жетекшілермен кездесу және Британиядан тыс Германия, Австрия, Бельгия, Португалия және Испания қатарлы елдерге баруды жоспарлаған.
Құрама Штаттар биыл жыл басында «Қауіпсіз желі» бастамасын жариялады және әлем елдерін бұл бастаманы қолдауға шақырды. Онда байланыс операторлары, мобильді қосымшалар, қолданбалар дүкені, желідегі сақтау бостықтары және су асты кабельдері секілді желіге қатысты бес негізгі бақытты «сенімсіз» қытайлық техникалар мен жаңа технологиялардан тазартуды насихаттайды.
АҚШ-тың бұл бастамасы әлемде, әсіресе байырғы одақтастары Еуропа елдерінде кең қолдау тапқаны байқалады. Айталық, Ұлыбритания, Чехия, Польша, Швеция, Эстония, Румыния, Дания, Латвия және басқа да елдер өздерінің 5G желілерінде «сенімсіз» жеткізушілердің өнімдерін пайдаланбау туралы кеңесті қабылдағаны белгілі. Ал Франция, Үндістан, Австрия, Оңтүстік Корея, Жапония және Ұлыбританиядағы ірі байланыс операторлары «Қытай коммунистік партиясының бақылау жүйесіндегі құралдарды» қолданудан түбегейлі бас тартып отыр. Бұларға қоса, Канадаың үш ірі телекоммуникациялық компаниясы Huawei өнімдерін 5G желілерінде қолданбайтынын мәлімдеді.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны