1-15 қыркүйек күндері 1112 адамға коронавирус, сондай-ақ 4350 адамға коронавирус пневмониясы диагноздары қойылған.  Қыркүйектің алғашқы жартысында коронавирустан 86, коронавирус пневмониясынан 40 қазақстандық қайтыс болды.

1 тамыз бен 11 қыркүйек аралығында 29 мыңға тарта қазақстандықтан коронавирус пневмониясы анықталып, 318 адам өмірден өткен. Жиынтық есепті таратып айтсақ, алты аптаның ішінде Алматы қаласында 2 771 адамнан коронавирус пневмониясы табылған және 56 адам осы аурудан қайтқан. ДенМин жауабына сәйкес, өзге өңірлердегі ахуал:

  • Ақмола облысы – 894 науқас / 29 өлім жағдайы;
  • Ақтөбе облысы – 1 112 / 28;
  • Алматы облысы – 1 439 / 46;
  • Атырау облысы – 1 371 / 14;
  • БҚО – 936 / 11;
  • Жамбыл облысы – 1 706 / 3;
  • Қарағанды облысы – 2 006 / 25;
  • Қостанай облысы – 2 774 / 12;
  • Қызылорда облысы – 900 / 5;
  • Манғыстау облысы – 865 / 3;
  • Павлодар облысы – 1 792 / 16;
  • СҚО – 1 063 / 0;
  • Түркістан облысы – 1 325 / 4;
  • ШҚО – 3 909 / 28;
  • Елорда – 3 398 / 21;
  • Шымкент– 666 / 17.

Өкініштісі, Қазақстанда коронавирус сияқты коронавирус пневмониясының аймақтардағы таралу қарқыны күн сайын жарияланбайды. Қай өңірден қанша кісі айыққаны да жұмбақ. Науқастардың әлеуметтік бейнесі мен қазіргі ахуалы да белгісіз.

Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының жедел мәліметтері бойынша, биыл 1 қаңтардан 3 тамызға дейінгі аралықта пневмонияның барлық түрімен  256 541 адам ауырып, 4 042 науқас қайтыс болған. Бұлардың ешбірі коронавирустың жалпы статистикасына енгізілмеген.

2019 және 2020 жылдары 1 қаңтар мен 31 шілде аралығында пневмониядан қайтыс болған қазақстандықтардың саны (дерек – ДенМиннің QT редакциясына берген жауап хатынан)

Жылы

I II III IV V VI VII

Жалпы

2019

326 352 313 245 270 274 253 2 033
2020 333 267 260 157 127 628 2 149

3 921

Аурулардың халықаралық жіктелімінде J12-18 кодтарымен белгіленетін пневмонияның барлық түріне 1 қаңтар-31 шілде аралығында 225 мыңнан астам адам шалдығып, 4 мыңға жуығы қайтыс болған. Науқастар саны былтырға қарағанда 3,3 есеге, өлім көрсеткіші 2 есеге көп.

Биыл 1 қаңтар мен 31 шілде аралығында пневмонияға шалдыққандар мен қайтыс болғандардың саны (дерек – ДенМиннің QT редакциясына берген жауап хатынан)

2020

I II III IV V VI

VII

Жалпы

Ауырғандар

19 074 18 492 15 229 8 120 4 907 32 724 156 840 255 386
Қайтыс болғандар 333 267 260 157 127 628 2 149

3 921

Тамыз айының басында ДенМин басшысы Алексей Цой мен орынбасары пандемия кезінде күрт өршіген пневмониядан коронавирустық түрін ажыратуды қиын екенін айтып, 256 мың кейсті қайта қарауға құлықсыз екенін білдірген.

Жоғарыда көрсетілген сандар тек ресми статистика. Алайда бұған күдікпен қарайтын халық та, маман да көп. Шілде айында отандық және шетелдік жоғары санатты дәрігерлердің көбі Қазақстандағы 200 мыңнан 2 миллионға дейінгі адамның вирус жұқтырғанын айтқан.

"The Qazaq Times"