Сейсенбіде Нью-Йорктегі Біріккен ұлттар ұйымының штаб-пәтерінде ұйымның 75-ші Бас ассамблеясы ашылды. Коронавирус пандемиясына байланысты бұл ісшара онлайн түрде өтеді. Барлық қатысушы елдердің басшылары видео-конференция арқылы қатысады, алайда АҚШ президенті Трамп БҰҰ штаб-пәтеріне барып қатысуы мүмкін.
БҰҰ-ның бұл Бас ассамблеясының жалпы жиналысы 22-25 қыркүйек аралығында өтеді. Трамп қазірдің өзінде Нью-Йорктегі Біріккен ұлттар ұйымының штаб-пәтеріне бара алатынын мәлімдеді: «Мен сөйлеу үшін БҰҰ-ға тікелей баруды жоспарлап жатырмын», деген.
Өткен аптада Біріккен ұлттар ұйымының Бас ассамблеясы қатысушылардың Нью-Йоркке жеке-жеке келудің орнына онлайын қатысқаны дұрыс деп шешті.
АҚШ-тың БҰҰ-дағы елшісі Келли Крафт БҰҰ Бас ассамблеясының осы сессиясы кезінде Америка Құрама Штаттарының басымдықтары «адам құқығы мен ашықтық» деп мәлімдеді.
Жиында ең көп мемлекет және үкімет басшылары қатысып рекорд орнатуы мүмкін деп күтілуде. Бұл кездесуге 190-нан астам елдің 170-тен астам мемілекет немесе үкімет басшылары сөз сөйлейді.
Биыл Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін БҰҰ-ның құрылғанына 75 жыл. Жалпы пікірсайыстан бір күн бұрын, яғни 21 қыркүйекте осы халықаралық ұйымның туған күніне орай жоғары деңгейдегі кездесу өткізу жоспарланып отыр.