Fox News телеарнасының хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығына үміткер атанды.
Телеарна мәліметінше, Нобель комитетіне ресми өтінішті Норвегия парламентінің өкілі Кристиан Тибринг-Гедде жолдаған. Хатта Трамп әкімшілігі Израиль мен БАӘ арасында байланыс орнатуға өз үлесін қосқаны жазылған.
Норвегия депутаты: «Менің ойымша, ол қос мемлекет арасында бейбіт байланыс орнатуға тырысты. Ол басқа бейбітшілік сыйлығына үміткерлердің арасында көбірек жұмыс істеді», – дейді.
Дональд Трамп соңғы 39 жылда мемлекетін қарулы қақтығысқа тартпаған АҚШ-тың жалғыз президенті. Ол Таяу Шығыстан көптеген әскерді шығарған болатын. Америка тарихында президенттер арасынан Барак Обама қызметке келгенге дейін яғни 2009 жылы осы премияны иеленген.
Былтыр он сегіз республикалық заң шығарушылар мамыр айында Нобель комитетіне АҚШ көшбасшысы Дональд Трампты Нобель сыйлығына тағайындау туралы ұсыныс білдіріп, хат жолдаған. Олар Трамптың билікке келген сәтінен бастап Америка мүддесі мен әлемдік жағдайларды реттеу мақсатында атқарған еңбектерін назарға алған.Мәселен, Трамп «арасынан ала мысық өткен» Оңтүстік және Солтүстік Корея шекарасын реттеуге атсалысып, жаһандық мәселеге айналған ядролық қаруды жоюды басты назарда ұстады. Қытай үкіметінің этникалық ұлттарды жазықсыз азаптап, адам құқығын ашықтан-ашық таптап отырғанын мәселе ретінде көтерді және ҚХР-ға бірнеше рет санкциялар енгізді.
Осыдан бірнеше жыл бұрын Қазақстанның бұрынғы президенті, елді 30 жылға жуық басқарған Нұрсұлтан Назарбаевты Нобель сыйлығына ұсыну туралы қызу талқылаулар болған.


















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті