Бүгін Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы ақпарат құралдарына, президент Путин АҚШ-тың Сүрия үкіметінің әскери базасына жасаған шабуылы халықаралық келісімді бұзумен бірге, халықтардың егемендігін аяқасты ету деп білетінін мәлім етті. Бұл туралы "The Wall Street Journal" Интерфакс агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Ресейдің Интерфакс агенттігі хабарында Кремль баспасөз хатшысы Дмитрий Песков: «Уашингтон (Вашингтон) жағынан жасалған бұл іс-әрекет Ресей-АҚШ қарым-қатынасына айтарлықтай кері әсерін береді», – деген пікір білдірген. Ол тағы: «Президент Путин болса, АҚШ-тың бұл әрекетін Ирактағы зардап шеккен тұрғындардың әсерін ұмыттыру үшін осылай істеді деп есептейді. Сонымен қатар, бұл әрекеті АҚШ-тың халықаралық терроризмге қарсы тұрудағы ұпайын түгендемейді. Керісінше, халықаралық лаңкестікке қарсы тұру селбестіктерінің әрекетіне кедергілік жасап отырғаны деп бағалайды», – деді.
“The Qazaq Times”


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі