Сенбіде Оңтүстік Корея мен Қытайдың дипломаттары келіссөз өткізді. Оңтүстік Кореяның өкілі Миншуоның жазбаша мәлімдемесінде айтылуынша, тараптар төрт сағаттан аса кездесу өткізген. Келіссөзде індетке қарсы күрестегі ынтымақтастық, еркін сауда келісімдері талқыланған. Оған қоса мәдени алмасулар және ДСҰ жетекшісін сайлауға қатысты пікір алмасқан.
Коронавирус пандемиясы басталғалы бері Оңтүстік Корея мен Қытай арасындағы кездесулер үзілген болатын. Яң Цзечи өткен жылдың соңында Қытайда COVID-19 басталғаннан кейін Оңтүстік Кореяға сапармен келген алғашқы қытайлық лауазымды тұлға болды.
Ян Цзечидің Оңтүстік Кореяға сапарының басты себебі Қытай төрағасы Ши Жинпиңнің (Си Цзиньпин) Оңтүстік Кореяға сапары. Ши Жинпиң осы жылдың бірінші жартысында Оңтүстік Кореяға сапарлауды жоспарлаған, алайда, бұл сапар коронавирус індетіне байланысты кейінге қалдырылды. Сарапшылар Шидің бұл сапарын осы жылдың екінші жартысына алмастырған болуы мүмкін деп санайды.
Оңтүстік Кореялық Yonhap агенттігінің хабарлауынша, Оңтүстік Корея Көк үйінің өкілі Миншуо екі тарап Қытай төрағасы Ши Жинпиңнің әлемдік індет тұрақтанғаннан кейін Оңтүстік Кореяға сапарын жалғастыруға келіскен деп мәлімдеді. Дегенмен, Оңтүстік Корея-Қытай келіссөздері кезінде Шидің Оңтүстік Кореяға сапарының күні тұрақталмаған.
Сарапшылардың пікірінше, Оңтүстік Корея тарабы Қытайдан, Оңтүстік Корея мен Қытай арасындағы келіссөздер Корей түбегіндегі қос корей мемілекетінің бейбітшілігін қалпына келтіруде Қытай маңызды рөл атқарады деп үміттенеді. COVID-19 пандемиясынан басталғалы, Корей түбегін ядролық қарусыздандыру туралы келіссөздер тоқтап қалды. Қытай Солтүстік Кореяның одақтасы болу себепті Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасынан бас тарту туралы келіссөздер жүргізуде басты рөлде.
Бейжің Оңтүстік Кореяның АҚШ-Қытай қатынасында бейтараптық сақтанып отыруына назар аударады және пандемия тұрақталса Қытай Солтүстік Кореямен келіссөздерді жалғастырады деп сенеді. қақтығысы үшін ең үлкен күрес алаңына айналды. Өткен айда Америка Құрама Штаттары егемендік туралы дау-дамайға толы бұл үлкен сулардағы бейтарап позициясын өзгертті және Пекиннің Оңтүстік Қытай теңізіндегі егемендік талаптарының заңдылығын тікелей жоққа шығарды.