Ливанның астанасы Бейруттың порт аймағында 4 тамыз кеште жойқын жарылыс болып, кемінде 60 адам қаза тауып, 2500 адам жараланды. Ливан үкіметі мұны «ауыр апат» деп атады.
Порттың көп бөлігі жарылыста жойылды, ал Бейрут қаласының ғимараттары мен көліктер қатты зақымдалған. Жарылыстан кейін жедел жәрдем көлігі жаралыларды порт аймағынан шығарып үлгерді.
Ливан телеарнасы мәліметінде, жоғары лауазымды тұлғалар портта сақталған жарылғыш натрий нитраты жарылысқа себеп болуы мүмкін деген болжамы айтылады. Адамдар жарылыс болған жерде сарғыш түтін көргендерін хабарлады. Сарапшылардың айтуынша, сарғыш түтін әдетте нитратқа байланысты жарылыстармен бірге жүреді.
Израил бірден «жарылысқа Израилдың еш қатысы жоқ» деп мәлімдеді. Израиль Ливанда орналасқан «Хезболла» террористік ұйымының Ливанның оңтүстігінде-Израилға шекаралас аймақта жиналуына байланысты қарым-қатынасы шиеленісе түскен болатын.
Ливан премьер-министрі Хасан Диаб сәрсенбіні (5 тамыз) аза тұту күні деп жариялады.
Куәгерлер сейсенбі күнгі жарылыс бастапқыда шағын жарылыстардан басталып, содан кейін порттың үстіне саңырауқұлақ тәрізді түтін шығып, қатты жарылды деп мәлімдеді.
Қала тұрғыны: «Бұл өте қорқынышты көрініс. Азамат соғысынан бері мен мұндай жарылысты көрген емеспін»шағын, – дейді. Бейруттың орталығында барлық ғимараттардың терезелері сынған, балкондар құлап, көліктер өртенген. Бұл жарылыстан кейін Ливан халқының арасында түрлі толқуға бастайтын мәліметтерде тараған.