Жапониядағы АҚШ қарулы күштерінің қолбасшысы бір күн бұрын Жапонияның Қытайға қарсы наразылығына қолдау көрсетті. Бұдан бұрын Жапония Қытай кемелерінің Шығыс Қытай теңізіндегі даулы аралдар маңына лас су жібріп жатқан әрекетіне қарсы наразылық білдірген.
Генерал-лейтенант Кевин Шнайдер онлайн баспасөз мәслихатын өткізіп, АҚШ Жапония үкіметіне Сенкаку аралдары мәселесің шешуге толықтай және соңына дейін көмек беруге дайын деп мәлімдеді.
Қытай Сенкаку аралдарын аралдарды «Диаою дау» деп атайды және аталған аралды Жапонияның иелігінде деп мойындаған емес. Токио бұған дейін де бірнеше рет Қытай жағалау күзет кемелерінің жапон территориясына заңсыз кіргені үшін наразылық білдірген. Шнайдер соңғы кездері мұндай әрекеттер көбейгенін атап өтті: «Олар (қытайлық кемелер) айына бірнеше рет кіріп-шығады, біз оларды жапондықтардың мүдесіне нұқсан келтіргенін көрдік», – деген.
Қытай Сыртқы істер министрінің өкілі Ван Вэнбин сәрсенбіде кезекті баспасөз жиынында Қытайдың жоғарыда аталған аралдардың егемендігіне деген талаптарын тағы бір мәрте қайталап, бұл Қытайдың сол аймақта құқық қорғау қызметін жүргізу «құқығы» екенін баса айтты.
Шнайдердің онлайн-конференциясында негізінен АҚШ-тың жапон жеріндегі әскерінде таралған коронавируспен күресу әрекеттері туралы сөз болды.
Kyodo News хабарлауынша, қазіргі уақытта АҚШ-тың Жапониядағы базасында індетті 139 адам жұқтырған, бұл 24шілде дегі 189 адамдық көрсеткіштен азайған, эпидемияның алдын алу шаралары тиімді болды деп санайды. Айта кетейік 24 шілдеде Жапония АҚШ әскерилеріне елге кіруге екі аптаға тиым салып, сосын коронавирустық тестілеу арқылы кіреді деп карантин шараларын енгізген болатын.
Жапония АҚШ-тың Азиядағы ең көп гарнизонға ие, соның ішінде авиациялық әуе кемесінің тобы, жойғыш эскадрилья және Окинавада орналасқан амфибиялық күш. Жапонияда шамамен 50 000 американдық солдат және олардың отбасы бар.
Вашингтон мен Бейжің арасындағы қарым-қатынас COVID-19 пандемиясының салдарынан нашарлауда және ресми тараптар келіссөздер жүргізген жоқ. Жақында екі ел бір-бірінде орналасқан екі консулдықты жауып тастады, бұл дипломатиялық дағдарыстың айқын белгісі. Сондықтан кейбір саяси сарапшылар АҚШ пен Қытай арасында соғыс тұтанама деп алаңдаушылық білдіруде.