Украина евро одақ елдерінде визасыз жүріп-тұруға рұқсат алды - деп хабарлайды segodnya.ua.

Бүгін европарламентте  Украина азаматтарының  евро одақ елдері аймағында визасыз жүруіне байланысты кезекті жиын өтті. Европарламенттегі 521 депутат  Украинаны қолдап дауыс берді. Осылайша ресми Киев тағы бір жеңіске жетті. Осыған орай ел президенті Петр Порошенко Укарина халқын құттықтады. «Осы істі атқаруға күш салған барлық азаматтарды, украиндарды, Украинаны құттықтаймын»-деді П. Порошенко.

Кеше яғни 5-ші сәуір күні европарламентте Украина жайында қызу талқылау (дебат) болғанына қарамастан, бүгін депутаттар соғыстан титықтаған Украина халқына европада визасыз жүріп-тұруға рұқсат берді.

“The Qazaq Times”