2014 жылы оффшорлық компанияны тіркеу фактісі бойынша Украинаның экс-президенті Петр Порошенкоға қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы адвокат Андрей Портнов хабарлады.
Facebook парақшасында сотқа дейінгі тергеу туралы жазған Портнов: «Порошенко Украина президенті ретінде қызмет ете отырып, 2014 жылдың тамызында Ұлыбританиядағы Виргин аралдарының юрисдикциясында Prime Asset Partners Limited компаниясын тіркегенр. Оның жалғыз бенефициарлық иесі Порошенконың өзі», – деп жазды.
Адвокаттың айтуынша, бұрынғы президент тіркелген компанияны жасырған және оны кірістер мен қаржылық міндеттемелер туралы декларацияда көрсетпеген. Ал компанияның өзі «заңсыз әрекеттерді одан әрі жүзеге асыру үшін, атап айтқанда салық төлеуден жалтару және Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру мақсатында» құрылған.
Қазір Петр Порошенкоға қатысты 20-дан астам қылмыстық іс қозғалған. Олардың көпшілігі Портновтың өтінішімен ашық жарияланып отыр. Атап айтқанда, қыркүйекте адвокат Киевтегі сот Украина Бас Прокурорының кеңсесіне экс-президентке қатысты мемлекеттік «Укрэксимбанкке» қайтарылмаған несиеге қатысты жаңа қылмыстық істі тергеуді бастауға міндеттегенін хабарлады.