Ұлыбританияда жаңа ереже бойынша жергілікті халық қоғамдық көлікке мінгенде немесе ауруханаларға барғанда ғана маска киюге міндеттеледі. Себебі елдегі ахуал нашарлаған.
Ел премьер-министрі Борис Джонсон: «Менің ойымша, біз халықтан бұрын-соңды көрмеген адамдармен жабық ғимараттарда жүздескенде маска киюлерін талап етуіміз керек. Қоғамдық көлікпен қатынайтындар бұны бұлжытпай орындаулары шарт. Инфекцияның таралу қаупі бар дүкендерде, мысалы, бетперде киіп жүруге міндеттеудің жолдарын қарастырып жатырмыз», – деп мәлімдеді.
Пандемия салдарынан бірқатар Еуропа еллерінің экономикасы тұралап қалған. Мәселен, Ұлыбританиядағы бұл жолғы дағдарыс 2008 жылғы тоқыраудан үш есе ауыр. Сәуірде елдің ішкі жалпы өнімі 20,4% - ке азайған. Бұл – соңғы 40 жылда болмаған экономикалық құлдырау.
Ресми мәліметтер бойынша, қазір Біріккен Корольдік вирустан қаза тапқандар саны бойынша алғашқы үштікте тұр. Елде 44 мың науқас көз жұмған.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы