Халықаралық қауымдастық коронавирустық пандемияның әлеуметтік дағдарысқа ұласуына жол бермеуі керек. Бірақ пандемия салдарынан Еуропа экономикасы ірі дағдарысқа ұшырауы мүмкін. Бұл туралы Германия канцлері Ангела Меркель Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) саммитіндегі бейне-хабарламасында айтты.
Меркель сөзінде: «Пандемия бізге халықаралық ынтымақтастықтың қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Қазіргі қиын кезеңде әлеуметтік кризиске төтеп беруге тиіспіз. Осыған байланысты бізге Халықаралық еңбек ұйымы сынды бірлкстіктер қажет. Жалпыға ортақ қиындықты жеңуге көмектесетін ұйымдар керек», – деді.
Қазіргі уақытта Еуропа елдері коронавирусқа байланысты шектеулерді алып тастау баяу қарқынмен жүріп жатқандықтан, биылғы жылы пандемияның экономикалық белсенділікке әсері бұған дейін болжанғаннан гөрі едәуір болмақ.
2020 жылдың жаз мезлігіне арналған экономикалық болжам бойынша, еуроаймақтың экономикасы биыл 8,7% төмендейді, 2021 жылы 6,1% өседі. Ал ЕО экономикасы 2020 жылы 8,3% төмендеп, келесі жылы 5,8% ғана артады.
Осылайша, 2020 жылы рецессия еуроаймақ үшін 7,7% және жалпы ЕО үшін 7,4% құрап, болжанғаннан әлдеқайда терең болмақ. 2021 жылғы өсім Еурокомиссияның көктемде күткен деңгейінен біршама тұрақты болады.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел