Экономикның қажетіне орай карантин шаралары жеңілдегеннен кейін, әлемнің көптеген елдерінде covid-19 вирусын жұқтырғандар саны күрт өсіп шыға келді. Олардың қатарында Еуропадан 11 мемлекетпен бірге Қазақстанды қамтыған посткеңестік елдер көбірек. Қазір Дүниежүзілкі Денсаулық сақтау ұйымы Қазақстандағы жағдайдан алаңдап отыр.
Украина, Молдова, Армения, Азіржайжан, Қырғызстан және Қазақстан секілді посткеңестік елдерде індет жағдайы күрт ауырлап кетті. Ал, Еуропада Швеция, Солтүстік Македония, Албания, Босния, Герцеговина және Косова қатарлы елдер бар. ДДҰ аталған елдер шұғыл шара көрмесе Еуропаның Денсаулық сақтау тармақтары қайтадан қауіпке қалады деп ескертті.
Көріп отырғандарыңыздай, індет бұдан бұрын экономикалық әлеуметті елдерде жойқын апат болса, енді экономикасы кенжелеген елдердің алқымынан алып жатыр. Қазақстандағы жағдай ДДҰ-ның назарын аудартарлық деңгейде.
Карантин шаралары босай сала еліміздегі індет жағдайы ауырлап кетті. Әр аптасына індет көрсеткіштерінде рекордтардың орнап жатуы қауіпсіздікке байланысты қорқыныштарды күшейтті. Оның себебі жайында түрлі жорамалдар айтылып, жазылып, көрсетіліп жатыр. Не дегенмен де ел азаматтарының жекелеген жауапкершілігі мен танымына барып тіреліп отыр.