Ренхап агенттігі Оңтүстік Кореяның баллистикалық зымырандарын сынақтан өткізгендігін хабарлап отыр. 

Агенттіктің мәліметіне сәйкес, сынаққа қорғаныс министрі Хан Мин Гу да қатысқан. Ал оның ұшырылатын нақты уақыты әлі белгісіз.

Жақын арада қорғаныс министрлігінің зерттеу институты Анхын полигонында  800 киллометр қашықтыққа ұшатын "Хенму" баллистикалық зымыранын сынақтан өткізген болатын.

Оңтүстік Корея әскерилері бұл зымыранның КХДР-дың барлық аумағын қамти алатындығын айтып отыр. Естеріңізге сала кетсек, күні кеше ғана Солтүстік Корея Жапонияға бағытталған кезекті зымырандарын сынақтан өткізген еді.

“The Qazaq Times”