Өткен аптаның жиынтық есебі бойынша 1300-ге жуық адамның вирус жұқтырғаны белгілі болды.
Сондай-ақ 3 маусымнан бері бөлек есепке алына бастаған клиникалық белгілері жоқ, бірақ инфекция тасымалдаушы адамдардың саны 1357-ге жетіпті. Бұл жіктеуді Денсаулық сақтау министрлігі жасаған.
Шымкенттің бас санитар-дәрігері Әбдіманап Төлебаевтің шешімімен, қалада карантин мерзімі мен шектеу шаралары 22 маусымға дейін ұзартылды. Сарапшылар мұндай шектеу шаралары кез келген өңірде қайта күшеюі мүмкін екенін айтады.
Жалпы, өткен тәулікте республика шеңберінде 241 адам сауығып шықса, 3 адам қайтыс болды. Жексенбі күнгі жағдайға қарағанда, ресми нұсқадағы өсім 1,3%-ға азайған. Тағы 165 адамнан коронавирус анықталған.Ең көбі Алматы қаласында 32, астанада 24, Қарағанды, Алматы, БҚО, Атырау және Павлодар облыстарында оннан артық кейс тіркелген.
Елімізде қауіпті кеселге шалдыққандар саны – 12 859, емделіп шыққандар – 7 376, қайтыс болғандар – 56.
Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі мен бас мемлекеттік санитардың карантин кезінде медиа және БАҚ қызметін шектеу шешімінен соң, елде ақпарат жетіспеушілігі туып, оның орнын күмән мен жалған мәлімет толтырып, вирустың барына сенбейтіндер көбейген.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді