Елімізде міндетті вакцина заң айналасында біраз даулы дүниелер шықты. Бұрындары тек қатаң діни ұстанымдағылар ғана вакцина аулуға қарсы шығып бас тартатын болса, соңғы кездері бұл жалпы халықтық түс алып бара жатқандай. Оған негіз де жоқ емес. Осы орайда біз маман сөзіне жүгініп көруді жөн көрдік.
Таяудан бері Қазақстан Республикасындағы вакцинаны міндеттеу туралы заңға байланысты әртүрлі әңгімелер туындап отыр. Бір топ адам вакцинаға тіс-тырнағымен қарсы шығып, тіпті азаматтықтан бас тартатынын айтты: олардың ойынша вакцина ұрпақты құртудың төте жолы және вакцина алғандар ұрпақсыз, мүгедек болып қалуы мүмкін екен. Расында, Қазақстанда екпеден кейін әртүрлі жағдайлар орын алатыны өтірік емес, қайтыс болғандар, мүгедек болғандар бар...
"Осы жағдайлар неге туады? оның алдын алуға бола ма?"- деген сауалға жауап іздеп көрелік. Себебі вакцина ғана емес, кез-келген дәрі-дәрмек, құрал-расходтардың стандартқа сай жасалуы, сертификатталуы, талапқа сай тасымалдануы, дұрыс жағдайда сақталуы бәрі тікелей клиникалық инженерияның дамуына байланысты. Олай болса медициналық инженер ретінде өз ойымды қосуға тиспін деп ойлаймын.
Жоғарыдағы талаптарды жүйеге келтіру - клиникалық инженер атты маманның бір функциясы. Ал Қазақстанда қазірге дейін "халықаралық стандарт" жайлы ауыз көпірткенмен денсаулық сақтау саласында клиникалық инженер деген статус та, маман да жоқ. КЛИНИКАЛЫҚ инженерлердің міндетін атқарып жүрген клиникада істейтін инженерлердің заңдық статусы, функциясы, міндеттері айқындалмаған. Сервистік инженері ретінде қаралады. Елді үрейге салып отырған вакцинадағы қауіпті жағдайлардың туылу себептерін төмендегідей бірнеше жақтан қарастыруға болады.
Бірінші: мемлекеттік сатып алу жүйесі (тендер) бізге сапалы, халқаралық қатаң талаптарға сай вакциналарды сатып алуға мүмкіндік бермейді. Тендер болған соң ең арзан жеңіп шығады. Онда өндірушілерге қойылатын талаптар, стандарттар, сертификаттардың бір ізділігі жоқ.
Екінші: Сатып алғаннан кейінгі стандартты талапқа сай температурада, ылғалдықта тасымалдану, сақтауды қадағалайтын жабдықтар, жүйелер, мамандар ірі қалалардың өзінде жоқ.
Қажетті талаптарға сай тасымалданбау, сақталмау, жарамдылық мерзімі өткен вакцина қолдану жағдайларының соңы өлімге, мүгедектікке әкелуі мүмкін. Ал аудан-ауылдарда қалай сақталатыны, тасымалданатыны жайлы айтудың өзі ұят...
Қажетті талаптарға сай тасымалданбау, сақталмау, жарамдылық мерзімі өткен вакцина қолдану жағдайларының соңы өлімге, мүгедектікке әкелуі мүмкін. Ал аудан-ауылдарда қалай сақталатыны, тасымалданатыны жайлы айтудың өзі ұят...
Үшінші: вакцина егу кезінде міндетті орындауды ғана көздеп, топырлатып, белгіленген қысқа мерзімде вакцина егуді аяқтату үшін екпенің қолдану талаптарын, инструкция бойынша жұмыс ережесі сақталмау, вакцина жасалатын адамдардың дәл сол кездегі денсаулық жағдайы бағаланбай, адам әртүрлі жедел қабыну, вакцина жасауға болмайтын жағдайда егу соңы да трагедияға әкелу мүмкін.
Төртінші: кейбір вакцина өндірушілер географиялық жағдайға байланысты ұсынылған мезгілде, ауа-райына сай егілмейді. Оның өзі вакцинаның өнімділігін төмендетіп қоймай, келеңсіз жағдайлар болуы мүмкін. Мысалы: жай тұмауға қарсы міндеттелмеген вакцинаны Алматы мен астанада бірдей уақытта егудің өзі дұрыс емес. Астанаға суық бір жарым ай ерте түссе, вакцина да соған сай ерте егілу керек. Әйтпегенде оның өнімі болмайды. Себебі суықтап тұмау тиетін уақытқа дейін антидене толықтай қалыптасып үлгірмеуі мүмкін.
Қорытып айтқанда, вакцина жайлы талас болғанда "керек, керек емес!" деген тұрғыдағы дау емес, қайта "қалай, қандай жағдайда, қандай талаптарға сай вакцина алып жатырмыз?"- деген сұрақтар қойып, халықтың медициналық сауаттылғын арттыруға денсаулық сақтау минстірлігі жане ақпарат құралдары біріге жұмыс істеу керек.
Халқаралық талаптарға сай медициналық инженерияны қолға алмай, клникалық инженерлерді дайындамай, статустарын көтермей вакциналар да, дәрі-дәрмектер де, медициналық құрал-жабдықтар да қауіпсіз қолданылмайды, тиімділігі, өнімділігі болмайды. Бұл түйінді халық болып, қатысты мамандар болып түсіну керек. Сонда ғана біздің елде де өзге өркениетті елдердегідей қауіпсіз, сапалы медициналық қызметтер аламыз.