2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарының түрлі дәрежедегі медельдарын алтын, күміс, қола қоспаларын қосу арқылы ескі гаджеттердің металдарынан жасалады деп хабарлайды ОТР. 

Жапонияның көптеген қалаларында ескі гаджеттерді өткізетін арнайы жәшіктер қойылған. Кез-келген тұрғын өзіне қажет емес телефондарын өткізіп,  Олимпиада медальдарының жасалуына өзінің кішкене үлесін қоса алады. Жиналған гаджеттер қайта өңдеуден өткізіліп, қажетті металл жабындары бөлініп алынатын болады. Акцияның алғашқы күнінде-ақ жүзден аса адам өздеріне қажет емес телефондарды өткізіп үлгерген.

Фото: penunjuk.com
Олимпиада медальдары, Олимпиада-2020

Бұл жобаның басты мақсаты - 2020 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуге жұмсалатын қаржыны барынша үнемдеу болып отыр. Қазірдің өзінде әлемнің байрақты бәсекесіне дайындыққа 25 миллиард доллар жұмсалған екен.

Жапон билігі барлық медальдардың комплектісін жасау үшін 8 тонна металл жинау қажет екендігін айтып отыр.

“The Qazaq Times”